Елордаға Түркістан облысының көкөніс өнімдері жеткізіледі

30 Мамыр 2019, 22:14
1572
Бөлісу:
Елордаға Түркістан облысының көкөніс өнімдері жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.1-2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

 Жәрмеңкеге 116 млн теңгенің 365 тонна өнімі жеткізіледі. 81 тонна ет пен ет өнімдерін, 145 тонна көкөніс, 29 тонна сүт өнімдерін, 10 тонна көкөніс пен жеміс - жидек, 10 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 2 бал және басқа да өнімдерді әкелу жоспарлануда. Жаңа егіннен 8 тонна болгар бұрышы, 6 - баклажан, 5 - өрік, 10 - картоп, 3 тонна шие әкелінеді. Отандық тауарлар нарықтағыдан 10-15% төмен сатылады.

Сонымен қатар, 1 маусым күні "Халықаралық балаларды қорғау күні" қарсаңында жәрмеңкеде 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіпорындарынан табиғи балмұздақ пен сүт өнімдерін тегін тарататын болады. Жәрмеңкелерді өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облысы 4 рет келіп, 28-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеледі.

Республикада өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі бойынша Түркістан облысының үлесі 15,2% құрайды. Жәрмеңке «Қазақстан» спорткешенінің аумағында өтетін болады, шілде айынан бастап "Хан Шатыр" СОО аумағында өткізу жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы