Все новости за 29 сәуір 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды.
-
Ресейлік «Tourister.ru» сайтының экспедициясы Қазақстанға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД-дағы ең үлкен саяхатшы қоғамдастықтарының бірі - Туристер.ру сайтының 28 сәуірде Астраханнан бастаған экспедициясы Батыс Қазақстанға жетті.
-
Хоккей: Қазақстан Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды.
-
Құлсарыда «Qulsary Marafon – 2019» жарысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауданда алғаш ұйымдастырылған шараға 1500 адам қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Ақтөбеде 3 жыл ішінде тұрғындарға 4,6 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысының филиалы 3 жылдық жұмысының нәтижесі бойынша брифинг өткізді.
-
Түркістан облысында 500-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар жәрмеңкесі» өтті.
-
Елордалық ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 519 мың теңгеден алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын Telegram-бот арқылы біле алады
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты арқылы біле алады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.</h4>
<br>
-
Сот төрағасы болашақ заңгерлердің білім сапасын жетілдіруге атсалысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттеріне арналған лекция өткізді, деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.
-
Бақыт Сұлтанов ардагерді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі соғыс ардагері Александр Торкинді 100 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ алдағы мерекемен құттықтады. Қазіргі уақытта ел астанасында Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Бас прокуратураның үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу туралы шақыртулар тарап кеткен. Осындай іс-шаралардың салдарын халыққа жеткізу үшін ҚР Бас Прокурорының орынбасары М.М.Ахметжанов Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.
-
Шымкентте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беруді бастады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте сәуір айына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беру басталды. Бүгін қалада барлығы 6 мыңға жуық отбасының есепшотына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қаржысы түсті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова хабарлады.
-
Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүзуден Қазақстан командасының жетекші спортшысы Дмитрий Баландин Халықаралық су спорты турлері федерациясының (FINA) Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысты.
-
Мектептің мұғалімдерінен басқа қызметкерлеріне жалақы көтеріле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі BAQ.KZ ақпараттық агенттігі жолдаған сұрақтарға ресми хат арқылы жауап берді.
-
Павлодар облысында жылу маусымы аяқталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жылу беру маусымы ресми түрде аяқталды.
-
Белгілі журналист Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, тележүргізуші Жанжігіт Омарxан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ,баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды.
-
Жастар мен әйелдердің кәсіп ашуы үшін 1%-бен несие беріледі
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент әкімдігі Жастар жылында жастар кәсіпкерлігін дамытуға қатысты бірқатар шара қабылдады. Сондай-ақ, әйелдердің жеке іс бастап, кәсіпкерге айналуы үшін қолдау шараларын ұйымдастырды.
-
Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.
-
Тоқаев пен Қосанов арасындағы тартыс қызықты болады – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Парламенттік және жергілікті мәслихат сайлауы қатар өтеді. Сондықтан көптеген партияларға президент сайлауына қатысу өзекті, олар қазірден бастап электорат алдында өз мүдделерін, бағдарламаларын ұсынатын болады.
-
Кəріс қызы Баян: Мүмкін Қозыны Қазақстаннан табармын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті.
-
Солтүстік Қазақстанда 700 гектар алқапқа көшет отырғызылмақ
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылжар өңірінде 700 гектар алқапқа 3 миллион көшет отырғызылмақ. Қазір Петропавлға іргелес орналасқан Қызылжар ауданында тал егу жұмыстары басталып кетті.
-
Назарбаев ҚХА-ның шетелдік достар клубын құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарабев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында шетелдік инвесторларды тартуға әсер ету мақсатында Ассамблеяның шетелдік достар клубын құруды ұсынды.
-
Сайлауда кім жеңсе де осы экономикалық саясат жалғаса береді – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сайлаудан кейін экономикалық тұрғыды қандайда бір өзгерістер болады деп күтпеу керек. Егер Nur Otan кандидаты жеңіске жетсе, онда қазіргі экономикалық саясат жалғаса береді.
-
Президент сайлауы – 2019: Ахметбеков талапқа сай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтің ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады.
-
Назарбаев қазақстандықтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.
-
Қазақстан тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке түсіп отыр – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстан тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке түсіп отыр. Бұл бір жағынан еліміздегі демократияның көрінісі болса, екінші жағынан гендерлік теңдіктің іс жүзінде іске асып жатқаны. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Сейілбек Мұсатаев Алматыда өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында айтты.
-
ОСК Төлеутай Рахымбековке қатысты қаулы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рахымбеков ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады.
-
Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің бейбіт шешілгенін қалаймыз – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс туралы сөз қозғап, оның бейбіт шешілгенін қалайтынын жеткізді.
-
«Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындарға МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек туралы кеңестер беріледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мың жас маман еңбек тәжірибесінен өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін өту мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Назарбаев ҚХА төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.
-
Назарбаев: Әлемдегі тұрақты құндылық – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық коммуникация қызметінде «Қазгидромет» РМК Гидрометорталығының директоры Марина Шмидт мереке күндерінің ауа райына болжам жасады.
-
Павлодарға Белорусь елінен жаңа трамвайлардың алғашқы легі келді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде трамвай шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары негізінде рельсті көліктер паркі жаңа вагондармен толығуда.
-
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы басталды.
-
Жастарға арналған «Ұлы дала сақшылары» жобасы басталды
Алматы, BAQ.KZ. Еліміздегі іргелі «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында жасөспірімдер мен жастар арасында «Ұлы дала сақшылары» жобасын іске асыруды бастады. Бұл туралы «Динамо» қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада 359 көлікті жүргізуге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қаланың полицейлері санитариялық жағдайды жақсарту және көше-жол желілеріндегі тазалықты қамтамасыз ету мақсатында, 25-30 сәуір аралығында кең масштабты «Таза қала» алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
-
Қазақстанның су шаруашылығы алдында үлкен жұмыс тұр – маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі қалалар мен ауылдардағы су құбыры мен су шығару жүйесінде әлі талай істі атқару керек.
-
Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өнер сайысында топ жарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары II «Ұлы дала ұрпағы» атты республикалық өнер сайысының облыстық кезеңінде топ жарды.
-
Кітапханадағы «Этноконструкторға» балалар қызығушылығы жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы киіз үй құрастыру бойынша тренингтер өткізуде. Бұл туралы облыс әікмдігінің сайты хабарлады.
-
Сайлауға қоғамдық бақылау жасайтын азаматтық платформасы құрылды
Нұр-Сұлтан. BAQ.kz тілшісі. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауына қоғамдық мониторинг жасау мақсатында "Аманат" атты азаматтық платформа құрылды.
-
Хоккейден Әлем чемпионатының ашылу салтанатында лазерлік шоу өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің жерлестеріміздің алғашқы қарсыласы – Словения құрамасы. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты icehockey.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
-
Ірі кәсіпорындар қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға көмектесе бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ірі компаниялардың жұмыс берушілері өз қызметкерлерінің «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алуына көмектесе бастады, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.
-
Тікелей эфирде ғылыми конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өз тарихын жақсы білген және оны мақтан еткен елдің ғана болашағы жарқын болады. Біздің халқымыздың басынан тәуелсіздікке дейін қаншама қиын да, күрделі ғасырлар өтті. Енді осы егемендікті сақтап, мәңгілік ел болу үшін біз не істей аламыз?
-
Қазақстанға Мажарстаннан әртүрлі саланың 100-ге жуық өкілі келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі әлемдік өзгеріс Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынасқа тиімді мүмкіндіктер туғызып отыр. Мажарстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы министрі Михай Варга екіжақты қарым-қатынастың жақсы көрсеткішке жеткенін атап өтті.
-
Елордаға 18 мыңға жуық орынды жатақхана қажет – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде студенттерді жатақханмен қамту жобасына 152 млрд теңге қарастырылған. Биылғы жылы жобаны іске асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігімен 1 млрд теңге қарастырылған, келесі жылдарға 14 млрд теңге шамасында қарастырылып отыр.
-
Қазақстан – Венгрияның ТМД-дағы төртінші сауда серіктесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
-
Жеңіс Қасымбек «қымбаттаған» FlyArystan билеттеріне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінің кулуарында FlyArystan әуе компаниясы билеттерінің бағасы неліктен әртүрлі екенін түсіндірді.
-
Елордада осы аптада өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін апталық шаралар жоспарын ұсынды.
-
Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» бойынша 5 ауылды мекенді дамыту қолға алынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2,3 млрд теңге тұратын 46 жоба іске асырылады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Үкімет отырысында айтты.
-
Елордада «Өлең мен өрен» әдеби кеші өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әдеби-сазды поэзия кешінде оқушылар мен белгілі ақындар сахнада қатар тұрып өлең оқыды.
-
«Ауыл – ел бесігі» 6 млн тұрғынның жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин дүйсенбідегі Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Жолдауында айтылған «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымы жаңаратынын жеткізді.
-
Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» аясында 7 млрд теңгенің жобасы іске асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Алматы облысында 4 дене шынықтыру кешені, 2 аудандық аурухана салынады, 6 білім беру нысаны, су, жылу мен жабдықтау, кәріз құбыры, абаттандыру және кемшілік жолдар бойынша 31 нысан жөнделеді.
-
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды.
-
Қазақстан Премьер-лигасында жеңілмеген жалғыз команда қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 7-туры өтті. Қостанайдың «Тобылының» жеңіліссіз келе жатқан сериясы аяқталды. «Атырау» командасы бас бапкерін ауыстырды. «Ордабасы» қақпашы алтыншы ойын қатарынан қақпасына гол жібермеді.
-
Қымбат жобалау-сметалық құжатама әзірлеу практикасын тоқтату керек – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
-
Мамин студенттер жатақханасын салуда артта қалып отырған өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет мүшелерінің Елбасының студенттерді жатақхана орындарымен қамту тапсырмасын орындау барысына баға берді.
-
«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруда 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде осы жылға 30 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында айтты.
-
Мамин салынып жатқан студенттер жатақханаларын уақтылы пайдалануға беруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин студенттерді жатақхана орындарымен қамтуды уақтылы орындау қажет екенін айтты.
-
Әбдіқалықова студенттерге қолайлы жағдай жасау керек екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша жұмыс үстіндегі 43 шарттың жиырмасына қол қойылғанын, 23-і қорытынды кезеңде екенін айтты.
-
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі студенттердің жатақхана мәселесін қалай шешетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Үкімет отырысында қаладағы студент жастарды жатақханамен қамту мәселесі 2020 жылы толығымен шешілетінін айтты.
-
Биыл 9 мың орынды жатақхана тапсырылады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жатақхана құрылысына қойылатын талаптар жеңілдетілді. Бұл шаралар инвесторлар шығындарын қысқартып, жобалардың жалпы құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өтіп жатқан жиын барысында айтты.
-
Ром Әуесхан: Ұлттық спортты дамытуда Қазақстанға қарап көш түзейміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында Алматыда Жастар жылы аясында Ұлттық ат спортынан Жастар арасында тұңғыш Азия чемпионаты өткен болатын. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған сайысқа Моңғолия Республикасы Баян-Өлгий аймағынан да спортшылар келген еді. Жастарды бастап келген Баян-Өлгий аймағы Қазақ ұлттық спорт түрлері федерациясының басшысы Ром Әуесханнан сол елдегі ұлттық спортымыздың жай-күйі жайлы сұраған едік.
-
Таразда жатақхана мәселесін шешудің тиімді жолы ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде студенттердің жатақхана мәселесі қалай шешілетінін айтты.
-
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттігінің финалы» өтті. Алматының «Қайраты» атақты «Барселонаны» жеңгенімен, финалда Португалияның «Спортинг» клубынан ұтылып қалды. Сөйтіп, екінші орынды қанағат тұтты.
-
Гуайдо Венесуэла халқын ереуіл жасауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо халықты мамырдың 1-і күні ел тарихында ең үлкен шеру өткізуге шақырды, деп хабарлады "Хабар 24".
-
Қарағандыда Armanǵa jol – 2019 жартылай марафоны өтеді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда биыл үшінші жыл қатарынан Armanǵa jol жартылай марафонын өткізу жоспарланған. 19 мамыр күні 8 сағат 30 минутта бастау алатын жаппай жүгіруге онлайн түрде тіркелу басталды.
-
Президент сайлауы – 2019. Қарағанды машина жасаушылары белсене қатысады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 78 жылдық тарихы бар «Қарағанды құю және машина жасау зауытының» еңбеккерлері ҚР президентінің кезектес тыс сайлауында Nur Otan партиясының атынан ұсынылған кандидатты қолдайтындықтарын айтады.
-
29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.
Наверх