«Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты

29 Сәуір 2019, 16:24
2705
Бөлісу:
«Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Тұрғындарға МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек туралы кеңестер беріледі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.                                                        

Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызы жолға шықты. Қазақстанның шалғай жатқан темір жол станцияларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы жылдың 21 желтоқсанында аяқталады. 240 күн ішінде шойын жол бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарына шамамен 230 млн теңгенің қызметі көрсетілмек.

Медициналық пойыздар негізінде көрсетілетін қызметтер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарапынан қаржыландырылады. Дәстүрлі жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп жүзеге асырады.

«Денсаулық» пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағындағы 195 станцияға аялдайды. Сапар барысында барлығы 40 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.

Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған пойыздарда көрсетілетін медициналық көмек тізімінде: салалық мамандардың кеңесі (терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог т.б.), түрлі зерттеулер мен диагностика түрлері (УДЗ, қан талдаулары, флюорография т.б.), кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер т.б. бар.

"Биыл денсаулық саласы қызметкерлерімен бірге Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері де жолға шықпақ. Ондағы мақсат – станциялардың тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы жан-жақты мәлімет беру. Себебі, бұл Қазақстандағы әрбір тұрғынға қатысы бар, маңызды реформа. Сондықтан да қор азаматтардың сақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап беретін нүктелер санын арттырып, консультацияларды жетілдіре түсуге ден қойып отыр", - делінген таратылған ақпаратта.

Консультациялар барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік мнедициналық сақандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтер, сақтандыру жарнасының мөлшері, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тәртібі, мемлекет тарапынан сақтандырылатын санаттар жайлы толық мәлімет ала алады.

Ал, міндетті сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталады.

Өзгелердің жаңалығы