Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

29 Сәуір 2019, 18:21
1999
Бөлісу:
Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереван қаласында (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Қырғызстан Үкіметтерінің басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қабылдаған шешімдердің орындалу барысын қарап, Одақ аясындағы өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелері жөнінде пікір алмасады.

Отырыстың күн тәртібінде — өнеркәсіптік кооперация және технологиялар трансфері, цифрландыру, сауда, кедендік әкімшілендіру және т.б. салалардағы 13 мәселе қаралады.  

ЕАЭО аясында елдердің бірігуі мүше мемлекеттер халқының тұрмыс деңгейін жақсарту тұрғысынан ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жан-жақты жаңғыртуға, ынтымақтастыққа бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы