Бас прокуратураның үндеуі

29 Сәуір 2019, 20:30
3114
Бөлісу:
Бас прокуратураның үндеуі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу туралы шақыртулар тарап кеткен. Осындай іс-шаралардың салдарын халыққа жеткізу үшін ҚР Бас Прокурорының орынбасары М.М.Ахметжанов Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.

«Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингілерге қатысу жөнінде шақырулар таратылуда. Бас прокуратура ондай акцияларды өткізген жағдайда, оған қатысқандардың әрекеттері бейбiт жиналыстар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу ретінде сараланатынын ескертеді.
Құқық қорғау органдары құқықбұзушыларға ден қойып, оларға тиісті шаралар қолдануға міндетті болады.
Осындай акцияларға қатысуға шақырғаны, оларды ұйымдастырғаны, қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылық туындайды.
Егерде бұл әрекеттер елеулі зардап келтіретін болса, онда кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады», - делінген М.М.Ахметжановтың жасаған үндеуінде. 

Бас прокуратура, еліміздің жоғарғы қадағалау органы ретінде, азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатуға ермеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы