Жеңіс Қасымбек «қымбаттаған» FlyArystan билеттеріне қатысты пікір білдірді

29 Сәуір 2019, 12:19
2109
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек «қымбаттаған» FlyArystan билеттеріне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінің кулуарында FlyArystan әуе компаниясы билеттерінің бағасы неліктен әртүрлі екенін түсіндірді.  

Журналистер вице-премьерге FlyArystan әуе компаниясының билеттері мәлімделген баға бойынша ең кемінде 7 мың теңгеден сатылатынын айтты. 

«Жоқ, бұл жалған. Кешегі апта мотиторинг жүргізгенде, жалпы билеттердің 2%-ы ғана басқа бағада сатып алынған. Негізінде компания мәлімдеген баға болды. Мысалы, Орал – 12-13 мың теңге, Тараз – 6900 теңге және тағы сол сияқты», - деп жауап берді Қасымбек. 

Премьердің орынбасары FlyArystan компаниясы билеттері нарықтағы бағадын екі жарым есе арзан тұратынын айтты және неліктен билеттердің 2%-ы қымбат бағада сатылғанын түсіндірді. 

«Біреу жүкпен ұшады. Біреу барлық билет сатылып кеткенде алады. 5 келі жүк алып жүруге рұқсат. Егер 20-30 келі жүк алып жүрсеңіз баға қымбаттайды», - деді Қасымбек.

Үкімет басшысының орынбасары Қазақстан нарығында басқа да лоукостерлер ашыла ма деген журналистер сауалына жауап берді. 

«Егер «Scat» не «Bek Air» лоукостер компания ашқысы келсе, ешқандай қарсылық жоқ. Қазақстандағы авиациялық тасымалдау нарығы үлкен емес, шамамен 5-6 млн адам ұшады. Негізінде бұл көрсеткішке Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында күн сайын қатынайтын жолаушылар кіреді», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы