Все новости за 5 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ТҮҚЖБ-ның 203 мыңға жуық салымшысы мемлекеттің ең жоғарғы сыйақысын алды
Алматы, BAQ.KZ. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1 038 869 салымшысы мемлееттік сыйлықақыны алған. Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударды, бұл өткен жылғы төленген қаражаттан 5,6 млрд теңгеге артық, деп хабарлады бакнтің баспасөз қызметі.
-
Алдағы үш жылда Қызылорданың 130-дан астам көшесі жөнделеді
Қызылорда, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында шағын жолдарды дамыту бағдарламасы әзірленді. Оның шеңберінде облыс орталығының шағын аудандарында және қала маңындағы елдімекендерде 132 көшені (2019 – 56 көше, 2020 – 35 көше, 2021 – 41 көше) жөндеу жоспарлануда.
-
Ноғаев Жайық өзеніндегі балықтың қырылуына қатысты пікір білдірді
Атырау, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Индер ауданына жұмыс сапары барысында журналистердің сауалдарына жауап беріп, Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуына қатысты пікірін білдірді.
-
Астана әуежайына баратын жол жыл аяғына дейін жабылады
Астана, BAQ.KZ. Астана әуежайына баратын жол жыл соңына дейін жабылатын болды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған «Иран каллиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
-
Көкшетауда Ауған соғысы құрбандарына арналған көрме ашылды
Ақмола. Baq.kz тілшісі. Ауған соғысы... Біз ол туралы қаншалықты білеміз? Көкшетаудың тарихи-өлкетану музейінде Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толуына арналған көрме ашылды.
-
Бүгінде Қазақстан жылына 900 мың тоннадан астам ет өндіреді
Астана, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Ольга Шишигина, Құралай Қарекен Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары еліміз бойынша ең ірі мал бордақылау алаңы бар «Астық индустриясы» агрохолдингінің тыныс – тіршілігімен танысты.
-
6 ақпан Астана мектептерінде сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 6 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.
-
Алматы облысында жанармай құю бекетін тонады деген күдіктілер ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі азамат ұсталды.
-
Сенатта мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы туралы заң жобасы қаралды
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заң жобасы қаралды.
-
Түрік компаниясы кермикалық тақта шығаратын зауытты инвестициялайды
Астана, BAQ.KZ. Қызылорда облысында құны 47,3 млрд теңгені құрайтын керамикалық тақта шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отыр. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
-
Қазақстанда өнеркәсіптік өнім 1,2% арзандады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда өнеркәсіптік өнім шығаратын кәсіпорындардыңбағасы 2019 жылдың қаңтар айында алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% төмендеген. 2018 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9,6% өскен. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
-
Жастар жылы. 11 бағыт бойынша 100-ден астам жоба жүзеге асырылады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ардақ Теңгебаев жаңа қызметке тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев ректорға: Біз оқу орнын дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз
Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік басшысы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев Әшімбаевты қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарладаы.
-
Ақтауда жатақхана пайдалануға берілді
Ақтау, BAQ.KZ. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру Ақтау қаласында 210 орындық студенттер жатақханасы пайдалануға берілді.
-
Бес баланың өлімі. Ақтөбеліктер құран бағыштады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Астанада болған жағдай қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Бүгін денелері жер қойнына тапсырылған 5 қызға ақтөбеліктер де құран бағыштап, аспанға шар ұшырды.
-
Депутаттар Түркістан облысында партиялық конференцияға қатысты
Түркістан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары аймақтарға сапары барысында «Нұр Отан» партиясы, Отырар аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVIІ конференциясына қатысты.
-
Автожолдарды қайта жөндеу үшін 150 млрд теңге бөлінуі мүмкін
Астана, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, ағымдағы жылдан бастап Министрлік қымбат күрделі жобалардан салқын ресайклинг экономикалық орташа әдісіне көшеді.
-
Қарағанды қаласының әкімдігі Ашық есік күніне шақырады
Астана, BAQ.KZ. 6 және 8 ақпанда Қарағанды қаласының әкімдігі «Ашық есік күндерін» өткізеді. Бұл туралы қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Депутат: Бір жылда Қостанай облысында 18 өндіріс жабылған
Қостанай, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов Қостанайдағы ең ірі ұн тарту кәсіпорыны «Атамекен-Дос» ЖШС-ға іс-сапармен барып, компанияны алаңдатқан мәселелермен танысты.
-
Жастар жылы. Астанада халықаралық жастар форумы өтеді
Астана, BAQ.KZ. Биыл жазда Астанада халықаралық жастар форумы өтеді. Оған шет мемлекеттерден де қоғам белсенділері қатысады. Жиынның тақырыбы – «Біздің күшіміз бірлікте» деп аталады. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлістіктерімен кездесуі кезінде айтты.
-
Алматы облысында жүк көлігіне соғылған салт атты көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Құлжа тасжолы бойындағы жол-көлік оқиғасынан жылқымен келе жатқан адам көз жұмды, деп жазды Zakon.kz.
-
Ақтөбеде Ардагерлер аллеясы салынады
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласында ардагерлер аллеясы салынады. Әзірге нақты жері белгіленбеді. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлады.
-
ҚР ҰПК президенті Қайрат Боранбаев Азия орденімен марапатталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Дубай қаласында (БАӘ) Азия паралимпиадалық комитеттің конференциясы өтті.
-
Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады. Америка, Азия, Африка, Австралия мен Тынық мұхиты аймағының спортшылары арасындағы ірі бәсекеден қазақстандықтар да сырт қалмайды деп жазады Olympic.kz.
-
Павлодар облысының көлік иелері 119 миллион теңгеге VIP-нөмірлер сатып алды
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың ішінде Павлодар облысының тұрғындарымен 119 млн теңгеден астам сомаға 383 жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі сатып алынған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Назарбаев: Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бес баланың өлімі. Мәдениет қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің ұжымы бір күндік жалақыларын Астанада өрттен қаза тапқан бес баланың отбасына аудармақ. Бұл туралы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тағы ресми аккаунтында мәлімдеді.
-
Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары өзгерді
Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет саласы бойынша енгізілген жаңалықтар жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында айтып өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақтөбе әкімдігі үздік хаттар байқауын жариялады
Астана. BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай өңірде түрлі акциялар мен жобалар жүзеге асырылатын болады.
-
Ертіс өңіріне соңғы тәулікте бірнеше адам қол-аяғын үсітті
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындарын қатты аяз қысты. Соңғы тәуліктерде төрт адам қол-аяғын үсітіп алды.
-
Биыл Қызылордадағы 15 мың ауыл тұрғынының тілегі орындалады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазалы ауданы аумағындағы Сырдария өзенінің «Әлсейіт» өткелінің орнына жаңа темірбетон көпір салынуда. Халық көптен күткен көпір биыл пайдалануға беріледі.
-
Психиатр интернет тәуелділіктен құтылу жолдарын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Француз психиатры әрі тәуелділікті емдеу бойынша маман Лоран Карила әлеуметтік желіге тәуелділікті қалай анықтау керектігін және одан арылу үшін қандай қадамға бару қажеттігін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
-
Бес баланың өлімі. Назарбаев көңіл айтты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
-
Ақтөбеде көлігін қоқыс алаңына қойған жүргізушілер жазаланады
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбеде қоқыс жәшіктерінің алдына көлігін қойған жүргізушілер жазаланып жатыр. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Мұхамедиұлы: Гауһар Әлімбекова – алаяқтың құрбаны
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жақында сотталған танымал әнші Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екеніне сенетінін мәлім етті.
-
Мәдениет министрі Димаш пен Қайрат Нұртастың бір деңгейде екенін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамадиұлы әлемді мойындатқан қазақ әншілер туралы айтты.
-
ҰҚК. 1 тонна спирт. 25 оқ. 360 бөтелке арақ
Астана, BAQ.KZ. Шекарашылар өткен тәулікте 1000 литрден астам спирттік ішімдік пен оқ-дәрілері бар карабинді асырмақ болған адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мұхамедиұлы Қазақстан азаматтығын алған кениялықтарға қатысты пікір білдірді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан азаматтығын алған кениялықтар спортшыларға қатысты пікір білдірді.
-
Нью-Йорк, Токио мен Шанхайға тікелей әуе рейстері ашылады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек 4 ірі бағыт бойынша жаңа рейстердің іске қосылатынын айтты.
-
2019 жылы республикалық және квазимемлекеттік 123 нысан сатылымға шығарылады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында мәлімдеді.
-
АҚШ-та Димаштың жеке концерті өтуі мүмкін
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорк қаласында жеке концерті өтуі мүмкін екенін айтты.
-
Алматыда ұрланған автобөлшектер сататын тағы бір орын анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Ұсталған автобөлшектер сататын орын Бостандық ауданынан анықталды, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Жастар жылы. Түркістандағы тарихи жұмыстарға жастар да атсалысады
Түркістан, BAQ.KZ. Жуырда ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі.
-
Сағынтаев аязға байланысты ІІМ мен әкімдіктерге тапсырма берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар өңірдегі қатты аязға байланысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен әкімдерге тапсырма берді.
-
Қарағандыда пәтер өртеніп, 7 бала құтқарылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда кеше түнде көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шыққан. Құтқарушылар тілсіз жаудан 13 адамды аман алып қалды, оның жетеуі – бала.
4 ақпан күні түнде Октябрь ауданындағы 15-ықшам аудан, 37-үйдің жетінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Көпқабатты үйд
-
Ақышев: Көлеңкелі экономикамен күресеміз
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Елбасы тапсырмасын орындау үшін қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастыра беретінін мәлім етті.
-
Астанада аязды ауа райына байланысты екінші ауысымда сабақ болмайды
Астана, BAQ.KZ. Астанада аязды ауа райына байланысты екінші ауысымда cабақ болмайды.
-
Елбасы тапсырмасы: Сағынтаев «Сапалы Қазақстан» жоспарын әзірлеуді тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындау үшін министрліктерге «Сапалы Қазақстан» кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.
-
Еліміздің 4 өңірінде көтерме-тарату орталықтары іске қосылады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалар қалай жүзеге асырылатынымен бөлісті.
-
Теннисші қыздардың Федерация кубогына дайындығы қалай
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 6-9 ақпанда Ұлттық теннис орталығында Федерация кубогы Азия/Тынық мұхиты аймағы алғашқы тобының ойындары өтеді. Осы орайда Қазақстан ұлттық құрамасы дайындығымен бөлісті.
-
Елбасы тапсырмасы: Үкімет басшысы министрлерге жаңа міндеттерді жүктеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында министрлерле жаңа міндеттерді жүктеді.
-
Бес баланың өлімі. Енді мұндай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек - Әшімбаев
Астана, BAQ.KZ. Астанада өрттен көз жұмған бес баланың қазасына қатысты "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.
-
Астанадағы шұжық зауытының іске қосылу мерзімі белгілі болды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалар қалай жүзеге асырылатынымен бөлісті.
-
Елімізде «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде көлік беріле бастайды
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көлікті «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде несиеге беретін бағдарлама осы жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылатынын айтты.
-
Ақмоланың Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Ақмола, Baq.kz тілшісі. Арқада сақылдаған сары аяз күшіне мінді. Осы ретте Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
-
Сүлейменов: Инвестиция тарту жұмыстары жалғасады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов елімізде инвестиция тарту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Биылғы жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойған.
Осы орайда министр Елбасы инвес
-
Өзін прокуратура қызметкерімін деп таныстырған алаяқ сотталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысында алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
-
Биыл мемлекет меншігіндегі 139 объект сатылады – ҰЭМ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылы мемлекет меншігіндегі139 объект сатылатынын мәлім етті.
-
Елбасы тапсырмасы: ҰЭМ шағын және орта бизнестің үлесін арттырмақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов елімізде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.
-
Бес баланың өлімі: Қасымов өрттің неден шыққанын айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің неден шыққанын мәлімдеді.
-
Сұлтанов: Қаза болған 5 баланың ата-анасына тиісті көмек көрсетіледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов өрттен қаза болған балалардың отбасына тиісті көмек көрсетілетінін мәлім етті.
-
Австралияда ұшақ тұрғын үйлерге құлады
Астана, BAQ.KZ. Голд-Кост атты курортты қалада жеңілмоторлы ұшақ тұрғын үйлерге құлады. Пилот аман қалды. Бұл жөнінде австралиялық SBS телеарнасы хабарлайды.
-
Бес баланың өлімі: Үкімет басшысы көңіл айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елордада өрттен көз жұмған балалардың ата-анасына көңіл айтты.
-
«Түркіменстан әуежелісіне» ЕО-ға ұшуға тиым салынды
Алматы, BAQ.KZ. «Түркімен әуежелісі» әуекомпаниясы Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) қара тізіміне кірді. Әуекомпанияның ұшақтарына аяқастынан Еуроодақ елдеріне кіруге тиым салынды, деп хабарлады informburo.kz
-
СҚО-да жолдар жабылып, сабақ тоқтатылды
Астана, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қатты аяздан жолдар жабылды. Өңірде күн күрт суытып, сынап бағанасы 35 градусқа дейін түсіп кетті.
-
Өскемендіктер коммуналдық төлемдерді бір шотпен төлейтін болды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бұдан былай Өскемен қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерді біртұтас түбіртек арқылы төлейтін болды. «Қазпошта» АҚ базасында жасақталған жаңа есептеу орталығы әзірге бес коммуналдық кәсіпорынды біріктіріп отыр. Бұл жөнінде ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ө
-
Ақмола облысындағы бірқатар жол барлық автокөлік түрлеріне жабық
Астана, BAQ.KZ. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.
-
Павлодар облысында 40 шаруа қожалығын біріктірген кешен екі лицензиясынан айырылуы мүмкін
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің 40 шаруа қожалығының жиған-тергені сақталған Қалқаман элеваторы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Жуырда кешеннің иесі «Ертіс-Агро» ауылшаруашылық кооперативінің атына сотқа шағым түсіп, өзге жекеменшік компания элеватор аумағындағы теміржолға иелік етуге құқылы екенін дәлелдеген.
-
Екібастұз ЖЭС-те көз жұмған жұмысшының анасына ақшалай көмек көрсетілді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз жылу электр станциясындағы апат салдарынан көз жұмған Ержан Жақсылықовтың анасына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 40 жастағы ауысым бастығының мойнында болған 7 млн теңгенің несиесін кәсіпорын басшылығы өтейтін болды.
-
5 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК смноптиктерінің болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады.
Наверх