Мұхамедиұлы Қазақстан азаматтығын алған кениялықтарға қатысты пікір білдірді

5 Ақпан 2019, 13:48
1807
Бөлісу:
Мұхамедиұлы Қазақстан азаматтығын алған кениялықтарға қатысты пікір білдірді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан азаматтығын алған кениялықтар спортшыларға қатысты пікір білдірді.

«Бұл жерде екі басымдық бар. Біз кениялық спортшыларды ғана емес, жаттықтырушылар құрамын шақырдық. Қазіргі таңда екі қазақстандық спортшы Кенияда жаттығады. Осы орайда біздің спортшылар Кенияда жаттығып, жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік алады. Онда ауа райы да жақсы. Сондықтан оларды Қазақстанға шақырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз», - деді министр.

Осы орайда ол халықаралық жарыстарда кениялықтардың Қазақстан намысын қорғау мәселесі шешіліп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов. Ол бүгінде Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы федерациясының орталық штабында жүр. Ол (Кениялық азаматтарды жарыстарға Қазақстан атынан қатыстыруға – автор) қатысты мәселелерді талқылауда.  Біз бұл сұрақтарды ойдағыдай шешіледі деген үміттемін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар министр шетелдік жаттықтырушыларды басқа елге жұмысқа шақыру әлемдік тәжірибеде бар екенін атап өтті.

«Әлемдік тәжірибеде шетелдік жаттықтырушыларды шақыру бар. Мұндай тәжірибені Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасына қатысарда қолданған. Қалған спорт түрінде де жетістіктер бар. Біз оларды (шетелдік жаттықтырушыларды – автор) жеңіл атлетикадағы спортшыларымыз халықаралық деңгейге шықсын дегенмен ниетпен шақырып отырмыз», - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, осыған дейін 5 кениялық жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алған болатын.

Қазақстан құрамасына өткен кениялық спортшылар қатарында 1999 жылғы Шедраке КОЭЧЕ, 1990 жылғы Кенете РОТИЧЕ, 1995 жылғы Норе ДЖИРУТЕ, 1994 жылғы Каролине КИПКИРУИ және 1996 жылғы Дэйзи ДЖЕПКЕМЕЙ бар.
Дәурен Ерболат
Өзгелердің жаңалығы