Все новости за 21 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Назарбаева ЕО-ның ОА бойынша өкілін қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Сенаттың Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады.
-
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі халық алдында есеп берді
Петропавл, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында есеп берді. Аймақтың бірінші басшысы көпшілік алдында 2018 жылы атқарылған жұмысты таразыға тартып, 2019 жылға арналған жоспармен бөлісті.
-
НаурызChallenge акциясы аясында нұротандықтар көпбалалы отбасыға үй сыйлады
Қостанай, BAQ.KZ. Республика көлемінде жарияланған НаурызChallenge мейірімділік акциясы бастау алды.
-
Абылайхан Жүсіпов Софияда өткен турнирде күміс медаль алды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов Болгария астанасында өткен «Странджа» беделді xалықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Нәдір Омарғазиев халықаралық конференцияға қатысуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ. Сенат депутаттары құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарып қалған елордалық оқушы Нәдір Омарғазиевпен кездесті.
-
Бас прокуратура Өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы қабылданып, қылмыстардан зардап шеккендерге жедел түрде материалдық көмек көрсету институты құрылды.
-
Жастар жылы. Бұл бір жылмен шектелмейді - министр
Атырау, BAQ.KZ. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атыраудағы жастар қозғалысының жетекшілерімен кездесті.
-
«Болашақ» керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов
Астана, BAQ.KZ. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов бүгінгі таңда ТМД елінде танымал бизнес-тренер, теолог Шамиль Аляутдиновпен кездесті.
-
Қарағанды облысында жыл соңына дейін 100 IT-сыныптар ашылады
Астана, BAQ.KZ. Облысымыздың колледждері мен мектептеріндегі 100 кабинеттер заманауи компьютерлермен жабдықталады. Осының арқасында студенттер мен оқушылар бағдарламалауды, 3D модельдеуді және web-парақша құруды анағұрлым тереңірек меңгеретін болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Ауруды емдегеннен оның алдын алған дұрыс – МӘМС
Астана, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру жүйесінің алғышарттарының бірі – профилактикалық шаралар, яғни сырқаттың алдын алу шаралары. Денсаулық кепілі – кез келген аурудың алдын алу.
-
Президенттің ҚР Үкіметін тарату туралы Қаулысы
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
-
Жастар жылы. Жас ғалымдар үшін жаңа гранттар бөлінбек
Астана, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті жас ғалымдарды қолдау мақсатында жаңа гранттық бағдарламаның тұсауын кесті. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
ІІМ-нің бастамасымен балаларға арналған қайырымдылық концерт өткізілуде
Астана, BAQ.KZ. ІІМ-нің «Бақытты балалық шақты қорғау» жобасының шеңберінде республиканың әр өңірінде қазақстандық эстрада әншісі, «Азия дауысы» фестивальдерінің және «Дарын» конкурсының лауреаты Бейбіт Корганның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концерті өткізілуде.
-
Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберетінін айтты (толық)
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметін отставкаға жіберетінін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Баспана мәселесін бюджет қаржысы есебінен шешу мүмкін емес – Нұрлан Нұркенов
Астана, BAQ.KZ. «Астаналықтардың баспана мәселесін бюджет қаржысына, коммуналдық тұрғын үй қорының есебінен шешу мүмкін емес деп кесіп айтуға болады». Астана қаласы әкімінің халықпен есептік кездесуі барысында азаматтарды қабылдаған қала басшысының орынбасары Нұрлан Нұркенов осылай деді.
-
Былтыр алматылықтар емханаға 9,9 млн рет барған
Астана, BAQ.KZ. Алматы тұрғындары өткен жылы емханаларға 9,9 млн рет барған. Осы азаматтардың үштен бірі дәрігерлер көмегіне бала денсаулығына байланысты жүгінген көрінеді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
-
Қызылорда облысында 300-ден аса мал қырылып қалды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 300-ден аса мал қырылып қалды.
-
Кеше Астанаға 1322 тонна көмір жеткізілді
Астана, BAQ.KZ. 20 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 101,51 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Парижде қазақ тілін үйрететін курстар жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Париждегі қазақ тілі курстарын отандастарымыз ашқан. Алғашында олар Түркия орталығында істеп, кейін Қазақстан елшілігінің қарамағына өткен. Бұл туралы «Хабар 24» мәлім етті.
-
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 22 ақпанда еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
-
Алматыда әйелге қарақшылық шабуыл жасағандар іздестірілуде
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 35 жастағы әйелге қарақшылық шабуыл жасалып, үстіндегі ішігін шешіп әкеткен. Белгісіз екі жігіттің қылмыстық әрекеттері сол маңдағы бейнебақылауға түсіп қалған.
-
Мемлекет зауыттарды жаңғыртуға көп қаржы бөледі - Асқар Жұмағалиев
СҚО, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Петропавл қаласындағы жұмыс сапары кезінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындарына – Киров атындағы зауыт (КаЗ), Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЗ) және "ЗИКСТО" АҚ барды
-
Жастар жылы. Жастар мәселесі мен болашағы талқыланды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында сарапшылар «Тәуелсіз Қазақстан жастарының құндылықтары мен күтілімдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында қазақстандық жастардың әлеуметтік ахуалы, құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарын талқыға салды.
-
Қарағанды облысында коммуналдық тарифтер 10% арзандаған
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің облыстық департаменті Қарағанды облысындағы табиғи монополиялардың барлық субъектілері 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет ақысын төмендеткенін айтады. Облыс тұрғындары ақпан айының түбіртектерінен коммуналдық қызмет құнының қаншалықты арзандағанын көре алады.
-
Астанада дұрыс және қауіпсіз тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ Еуропалық офисімен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде ҚР ДСМ, тамақ өнеркәсібі қауымдастықтары, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
-
Қазақстанның батысында дауылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
-
Ақмолада 8 мың өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған
Ақмола. BAQ.KZ тілшісі. Ақмолалық құтқарушылар жекеменшік тұрғын үй секторында 8 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерін анықтады.
-
Назарбаев судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізді
Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті сот жүйесіне қатысты конституциялық заңға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
"Хабар" арнасы "Оскар-2019" кино жүлдесін көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. 26 ақпан күні сағат 22.20-да «Хабар» телеарнасы «Оскар» жүлдесінің 91-ші марапаттау рәсімін көрсетеді. Арнайы телевизиялық нұсқада кештің ең жарқын және қызықты сәттері жинақталған.
-
Ақтөбелік имамдар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбелік имамдар көпбалалы мұқтаж отбасылардың үйін аралады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Елімізде шоу-бағдарламалар көбейіп кетті – Рамазан Стамғазиев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық өнерге қатысты «Қазақстан, «Хабар» арнасында шағын хабарлар ғана бар, қалғаның барлығы шоу-бағдарламалар. Бұл туралы әнші Рамазан Стамғазиев «Домбыра» телеарнасының іске қосылғандығы туралы брифингте айтты.
-
Астана Күзет қызметі мен ҚХА бірлесіп этномәдениетті талқылады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында «Этносаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша» бірлескен жоспары аясында «Достық» үйі ғимаратында 1 наурыз – «Алғыс айту» күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті.
-
Астанадағы бақта алғаш рет апельсин мен банан көшеті отырғызылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр Астананың сол жағалауында ботаникалық саябақ ашылған болатын. Бүгін осы бақта цитрус жемістері мен банан отырғызылды.
-
Қызылорда облысында тасқын су жинайтын қоймалар салынады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында тасқын су жинайтын қоймалар салынады.
-
Премьера. Астанада "Ләйлі-Мәжнүн"
Астана, BAQ.KZ. Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына кезекті жаңа премьерасын ұсынады. 27-28 ақпан күндері, сағат:19.00-де әзірбайжанның ұлы ақыны, ойшыл Гәнжауи Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының премьерасын өткізеді.
-
Дариға Назарбаева БАҚ аккредитациясы жайлы: Бұл проблеманы шешудің миллион жолы бар
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Дариға Назарбаева БАҚ-ты аккредитациялау ережелеріне енгізуге жоспарланып отырған өзгерістермен мұқият танысқанын айтты.
-
«АМТ»-да Теміртаудағы экологиялық мәселелер қалай шешілетіні туралы айтылды
Астана, BAQ.KZ. «Арселор Миттал» компаниясы алдына нақты жоспарлар қойып отыр. Өнеркәсіп алыбының басшылығы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеген. Құрылған жобаны орындау мақсатында олар миллиардтаған доллар жұмсауға және шығыс еуропалық стандарттарға теңесуге дайын. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының бас директоры Парамжит Калон Қарағанды облысының әкімшілігіне болашаққа қойған міндеттер туралы баяндады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында айтылды.
-
Өрістен жылқы ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Алматы-Көкпек-Көктал» автожолында ұрланған жылқы тиеген жүк көлігін ұстады.
-
Еліміздің телеарналары «Домбыра» арнасымен толықты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында аталған телеарнаның директоры Қанат Ержігітов бүгін журналистермен кездесу барысында аталған телеарнаны ашу көптен көңілде жүргенін, осыдан 2,5 жыл бұрын «Жұлдыз» арнасын ашқанын, енді соның жанынан «Домбыра» телеарнасы ашылып отырғанын айтты.
-
Сенатор театр әртістерінің жалақысын өсіріп, оларды баспанамен қамтуды ұсынды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Нариман Төреғалиев Парламенттің жоғарғы палатасында театр әртістерінің жалақы және баспана мәселесін көтерді.
-
Ford Бразилиядағы зауытын жабады
Алматы, BAQ.KZ. Америкалық автокөлік шығаратын Ford Motor Co. концерні Бразилияда ертеден жұмыс істеп келе жатқан зауытын жауып, Оңтүстік Америкадағы пикап сату бизнесінен шығатынын мәлімдеді.
-
Зейін Әліпбек жаңа қызметке тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық журналист Зейін Әліпбек Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды.
-
Димаш пен Данэлия The World's Вest шоуының ІІІ кезеңіне өтті
Астана, BAQ.KZ. Қазылар алқасы қазақстандықтардың көрсеткен өнеріне жоғары баға берді.
-
Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер қашан іске қосылады?
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстаннан Америкаға бағытталған тікелей әуе рейстері шамамен 2021 жылы іске қосылады. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде ведомствоның бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.
-
Тұрғын үй құрылысындағы отандық тауар өндірушілер үлесі 86% жетті
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үй құрылысындағы отандық тауар өндірушілер үлесі 86%-ға жетті. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
-
Рүстем Құрманов «ҚазАгро» басқарма төрағасы лауазымынан босатылды
Астана, BAQ.KZ. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
-
Оқушылардың қолынан шыққан «тәп-тәтті кітаптар»
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет «Tasty books» фестивалі өткізілді. Оқушылар өздері сүйіп оқыған кітаптарын бейнелейтін кондитерлік өнімдер әзірледі.
-
Өткен жылы ШҚО тұрғындарының саны 5 241 адамға кеміген
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Шығыс Қазақстаннан көшіп кетушілер саны туылғандардан басым түсіп, өңір халқының саны 5 241 адамға кеміді. Бұл жөнінде облыстық Статистика департаментінің мамандары хабарлап отыр.
-
Нығматулин Австрия Парламенті ұлттық кеңесінің төрағасымен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрия Республикасына ресми сапары барысында Австрия Ұлттық кеңесінің төрағасы Вольфганг Соботкамен келіссөздер жүргізді.
-
2018 жылы тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн инвестиция тартылды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы елдегі құрылыс саласына 3,8 трлн теңге, соның ішінде, тұрғын үй құрылысына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
-
Шетелде істі болған мыңға жуық қазақстандық бар
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Владимир Волков Парламенттің жоғарғы палатасы отырысында осындай мәлімет берді.
-
Профессионал. Әуежай сақшысы Турман
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалаған уақытыңда әлемнің кез-келген жеріне ұшып бара алатындай жағдайға жеттік. Ұшақтар көбейіп, рейстер ашылып, әуежайлар да кеңейіп жатыр.
-
Әскери бөлімдерде жауынгерлік атыс-жаттығулары өтуде
Астана, BAQ.KZ. Бөлімшелердің далалық машықтығы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының «Оймаша» және Ақтөбе облысының «Есет батыр» оқу полигондарында жауынгерлік ұрысқа барынша жақындатылған жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтіп жатыр.
-
Жезқазғанда жүкті келіншек пен құрсағындағы 7 айлық шаранасы көз жұмды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 18 ақпан күні Жезқазған қаласындағы медициналық мекемеде ішінде 7 айлық баласы бар 39 жастағы келіншек қайтыс болды. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмаған. Жүкті әйел мен іштегі баласының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, олардың денесі сараптамаға жіберілді.
-
Бангладеш астанасындағы өрттен 69 адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Бангладеш астанасы Даккада болған алапат өрт 69 адамның өмірін қиды, деп жазды РИА Новости.
-
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 120-дан астам жоба іске қосылады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы индустрияландыру бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 120-дан астам жоба іске қосылады. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
-
Samsung алты камерасы бар иілетін смартфонды таныстырды
Алматы, BAQ.KZ. Сан-Францискода Samsung өзінің алғашқы жинақталатын Samsung Fold смартфонын таныстырды, деп жазды The Verge басылымы.
-
2019 жылы контейнерлік тасымалдау екі есе артады – министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ағымдағы жылы Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымалдау көлемін екі есе арттырып, 1 млн контейнерге жеткізу көзделуде. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
-
Түркістанда Smart city аясында 2 жоба қолға алынды
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы 902 мектептің 775-і немесе 86,1% интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ, 735 білім ордасы, яғни 81,4 % WI-FI нүктелерімен қамтамасыз етілген.
-
Қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланған шенеунік қатаң сөгіс алды
Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Қанат Қалиевқа қызметтік көлікті жұмыстан тыс пайдаланғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.
-
Қарағандыда сарбаздың денесі табылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды іргесіндегі №6505 әскери бөлімінде төтенше жағдай орын алды. 20 ақпан күні 18 жасар сарбаздың денесі табылды. Оның басына оқ тиген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
-
Қарағандылық студенттер «қара сабынды» нарыққа шығаруды көздейді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынырақта ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыста қолданған, бүгінде ұмыт болған «қара сабынды» жасап жүрген қарағандылық студенттер Дәулет пен Айжан өнімді нарыққа шығарып, бизнеспен айналыспақ. Мың ауруға ем саналатын қара сабынды өндіріп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастармен әңгімелескен болатынбыз.
-
21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, соған байланысты жауын-шашын, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысындағы таулы аумақтарда қатты қар жауады.
Наверх