Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

21 Ақпан 2019, 17:36
1531
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 22 ақпанда еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Орал қаласында 22 ақпанда бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 18 м/с желдің күшеюі күтіледі.

22 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы