Нәдір Омарғазиев халықаралық конференцияға қатысуы мүмкін

21 Ақпан 2019, 21:46
2482
Бөлісу:
Нәдір Омарғазиев халықаралық конференцияға қатысуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Сенат депутаттары құдыққа түсіп кеткен баланы құтқарып қалған елордалық оқушы Нәдір Омарғазиевпен кездесті.

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сенатор Сәуле Айтпаева жас жеткіншекке Алғыс хат табыстап, кітап сыйлады.

Сенатор жас батырға Парламенттің жұмысы туралы айтып, өзінің әріптестері, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Кимді, депутаттар Нұрлан Бекназаров пен Владимир Волковты таныстырды. Олар да өз тарапынан Нәдірге алғыс білдіріп, оның болашағына қатысты сұрақтар қойды. С.Айтпаева Нәдірді «Балаға дос Азия» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

17 жасар Нәдір Омарғазиев көп балалы отбасынан шыққан. Ол 15 ақпан күні Астанада құдыққа абайсызда түсіп кеткен бес жасар баланың өмірін арашалап алды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нәдірмен кездескен Ішкі істер министрі батыр баланы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға шақырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы