Все новости за 6 қазан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шымкенттің Корей этномәдени бірлестігіне 30 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Корей этномәдени бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында мерекелік шара өтті. Сонда корейлердің Қазақстанға келу тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, корей халқының ұлттық тағамдары, мәдениеті, салт-дәстүрі көпшілікке таныстырды.
-
Африкада екі жүзден астам дельфин қырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі жүзден астам дельфин Кабо-Вердедегі (Батыс Африка) Боа-Вишта аралының жағалауына шығып кетті. Жергілікті тұрғындар мен туристер жануарларды суға кіргізіп, қайта мұхитқа сүйреп апарып құтқаруға тырысса да, көптеген дельфин қайтадан өз-өзін жағалауға лақтырды. Бұл туралы National Geographic басылымы The Republic-ке сілтеме жасап хабарлады.
-
Ұстаз: Қазақ мектебінде білім төмен деген түсінік – дұрыс емес
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір білім нашарлап кетті дегенге келіспеймін. Заман өзгеріп жатыр, оның үстіне жастар да алғыр. Балаларға қазір не айтсаң, соны бірден үйреніп алады. Керісінше қазіргі жас мамандар бізге қарағанда көп нәрсені біледі. Бұл туралы Алматыдағы №65 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзада Акымбекова сұхбатасу кезінде айтты.
-
Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы қаласы әкімінің кубогы «Желқабызға» бұйырды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан «Тұлпар – 2019» жылқы көрмесі аясында ұшқыр бәйгеден Алматы қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.
-
Алматыдағы жылқы көрмесіне «Жетісу асылы» да келді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан жылқы көрмесіне қазақ жылқысының жаңа түрі – «Жетісу асылы» жылқысы да келді.
-
Жылқы көрмесінде бүлдіршіндерге де сыйлық жасалды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы» ұйымдастырған Қазақстандағы алғашқы жылқы көрмесі барысында кішкентай көрермендерге де ерекше сыйлық жасалды.
-
Білім және ғылым министрі Ұстаздар күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұстаздар күнімен құттықтады. Бұл туралы оның facebook-дегі ресми парақшасына жарияланды.
-
Жылқы көрмесі ең әуелі елімізде қандай тұқымдар барын көрсетті – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Атқа міну мәдениетін дамыту мақсатында және Луговой жылқы зауытының құрметіне өткізіліп жатқан жылқы көрмесі – ең әуелі халықтың елімізде қандай жылқы тұқымдары бар екенін білу үшін керек.
-
Ақмола облысында 40 отбасыға пәтер кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Бұланды ауданындағы 40 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі саясат департаментінің аймақтық коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Бес жасында 550 кг ет беретін «Барон»
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі жылқы көрмесіне жылқы тұқымының оннан астам түрі қатысып жатыр.
-
Көрмеге қатысушы жылқыларға қойылатын талаптар
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда еліміздегі алғаш рет өтіп жатқан жылқы көрмесіне қатысып жатқан жылқыларға қойылатын талаптар қандай болатынын көрмедегі қазылар алқасының мүшесі Әмин Әкімбеков айтып берді.
-
Назаровтар әулеті: 500 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттегі Назаровтар әулетінен 40-қа жуық ұстаз шыққан. Бәрі де мектеп мұғалімі. Бәрінің басын қосып, жинаса – тұтас бір мектептің ұстаздар қауымын жасақтап, Назаровтар әулетінің білім беру мекемесін ашуға да болады. Қазанның бірінші жексенбісі – Ұстаздар күнінде жалпы еңбек өтілі 500 жылдан асып, жыл сайын 40 жылға өсіп жатқан Назаровтар әулетіне барып, тұтас әулеттің педагогқа айналу сырын білдік.
-
Алматыда алғаш рет жылқы көрмесі өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы орталық атшабарда алғаш рет тұқымдық жылқылардың көрмесі өтіп жатыр.
-
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде Ашық есіктер күні өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімі қаланың 32 мектебінің оқушыларына және колледж студенттеріне Ашық есіктер күнін өткізді. Саны 200-ге тарта оқушылар мен студентер әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Бұл туралы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Педагогика саласына ер мұғалімдерді тартатын бағдарлама керек
Тараз. BAQ.KZ тілшісі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі мектептерде қызмет атқаратын мұғалімдердің 90 пайызы – әйелдер. Қалған 10 пайызы ер мұғалімдердің үлесінде. Демек, бұл әр мектепте шамамен 6-7 ғана ер мұғалім жұмыс істейді деген сөз.
-
Елордада иесіз қалған үй жануарларының жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мені өзіңмен алып кет» атты көрме-жәрмеңкеге 40-тан астам ит пен мысық әкелінген. Бұл туралы 24kz сайтында хабарланды.
-
Елордада ұл үйленгенше, қыз ұзатылғанша айтылмайтын тақырып талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі заманға сай қыз баланы тәрбиелеу үшін қандай бағыттарды ұстанған дұрыс? Отбасы ішінде жыныстық сауаттылық неліктен жабық тақырып? Эгоистік шешімдердің соңы қайда алып барады? Бұл сауалдарға елордада «16 жасқа дейін және одан жоғары. Маңыздысы туралы әңгіме» тақырыбында өткен басқосуда сарапшы мамандар жауап берді.
-
Головкин Деревянченконы жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек аяқталды.
-
6 қазанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін антициклонның ықпал етуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлайды.
Наверх