6 қазанға арналған ауа райы болжамы

6 Қазан 2019, 09:17
1655
Бөлісу:
6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін антициклонның ықпал етуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлайды.

Еліміздің оңтүстік өңірінің таулы аймақтарында ғана өткінші жауын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Жамбыл, күндіз Атырау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысында түнде жердің беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан және Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүсік-шығысында өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы