Алматыдағы жылқы көрмесіне «Жетісу асылы» да келді

6 Қазан 2019, 15:40
3960
Бөлісу:
Алматыдағы жылқы көрмесіне «Жетісу асылы» да келді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан жылқы көрмесіне қазақ жылқысының жаңа түрі – «Жетісу асылы» жылқысы да келді.

20 жылдан бері айналысып, 2017 жылы қазақ жылқысының жаңа түрі ретінде тіркелген «Жетісу асылы» мұндай көрмеге алғаш рет қатысып отыр.

Алматыдағы жылқы көрмесіне «Жетісу асылы» да келді

«Негізі тура осындай түрде 80-нен астам жылқым бар. Жиырма жылдан астам уақыт айналыстық. Еліміздегі жылқытанушы ғалымдар қолдады. Алдағы уақытта түрден тұқымға өткіміз келеді. Әлемнің қай түкпіріне барсақ та еститініміз ахалтеке, ағылшын, фриз деген секілді танымал тұқымдар. Ал менің арманым – қазақ жылқысын әлемге таныту. Бұл жолда тер төге беретін боламыз» - дейді «Жетісу асылы» жылқысының иесі Александр Софин.

«Жетісу асылы» жылқы тұқымының ерекшедігі – оның түсі ақ. Көздерінің түсі шағыр. Өте жуас. Көбінде иппотерапияға пайдаланылады.

Софиннің қолында қазір 300-ге жуық жылқы бар. Барлығы да ақ түсті. Ал «Жетісу асылына» қатысты жылқытанушы ғалым Қайрат Исхан өз ойын білдірді.

«Жетісу асылы» қазақ жылқысының бір түрі ретінде танылуға барлық мүмкіндігі бар. Түр ретінде тіркелу үшін екі аталық ізден 80 жылқы болуы керек. Ал жалпы сол тұқымнан 120 бастан артық болуы керек. Ал Александр Софиннің мүмкіндігі бұл талаптардың барлығына сай. Сондықтан оны тұқым ретінде емес, түр ретінде тіркеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, оның жылқыларының сыртқы келбеті мен жылқы ретіндегі қасиеттері де ескеріледі» - дейді Қайрат Исхан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы орталық атшабарда еліміздегі алғашқы жылқы көрмесі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы