Жылқы көрмесінде бүлдіршіндерге де сыйлық жасалды

6 Қазан 2019, 15:36
2800
Бөлісу:
Жылқы көрмесінде бүлдіршіндерге де сыйлық жасалды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасы» ұйымдастырған Қазақстандағы алғашқы жылқы көрмесі барысында кішкентай көрермендерге де ерекше сыйлық жасалды.

Жылқы көрмесінде көрермен назарына ұсынылған понилердің сүйкімділігі балалардың қызығушылығын туғызды.

Ал Алматы қаласындағы атқа міну клубтарының таныстырылымында жас көрермендер арасында байқау ұйымдастырып, атқа мініп үйренушілерге жолдама берілді.

«Мен жеті жастамын. Атқа мініп үйренгім келеді. Бүгін «Арғымақ» клубының жүлдесін жеңіп алдым. Енді арманым орындалды. Аптасына бір рет барып, атқа мініп тұруға жолдама жеңіп алдым» - дейді Алмас есімді көрермен.

Бүгінгі көрмеде төрт клуб өз мүмкіндігін көрсетті. Барлығы да балаларды 6 жастан бастап қабылдайды. Негізінен атқа міну, иппотерапия, атпен серуен жасауға арналған.

Жылқы көрмесінде бүлдіршіндерге де сыйлық жасалды

Жылқы көрмесінде бүлдіршіндерге де сыйлық жасалды

Сонымен қатар, көрме алаңында мектеп оқушылары сызған жылқы суреттерінің де көрмесі өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда елімізде алғаш рет жылқы көрмесі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы