Все новости за 12 шілде 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ветеринарлық дәрігерлер жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу жолдарын талқылады
Нұр-Сұлтан,
BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданы Жалынды ауылында орналасқан
"Астана Өнім" ЖШС базасында жануарлардың аса қауіпті аурулармен күресу
және оның алдын алу бойынша симулятивтік тренинг өтті.
-
Елімізде заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі
Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен заңсыз айналымнан 3 мыңнан астам қару алынды.
-
Алтай Көлгінов елорданың бас дәрігерлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов елордалық медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен кездесіп, қалалық денсаулық сақтау саласындағы жағдайымен танысты
-
Қорғаныс министрі Армиялық халықаралық ойындарға әзірлікті тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отар 40-шы әскери базасында Нұрлан Ермекбаев байқаулардың өткізілу орындарын, қатысушы командалардың тұруы жағдайларын, маршруттардың орналасуын тексерді.
-
ҚХА Арысқа «Достық» керуенін жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Арыс қаласының тұрғындарына көмек беру шараларын жүйелі жалғастырып келеді.
-
Елорда әкімдігі тұрғындарды қысқа ертерек қамдануға шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көмірге қатысты дүрлігуді болдырмау мақсатында қатты отынды ертерек жазғы уақытта сатып алуға шақырады.
-
ШҚО-да медиаторлар тұрғындарға сенім телефоны арқылы кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының базасында жұмыс істейтін медиация кабинетінде жыл басынан бері келіп түскен 73 өтініштің 93% қаралып, тараптар бір мәмілеге келген, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы елшісі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Көлгінов көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Алматыға Арыстан 75 бала келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы-2 теміржол вокзалына Арыстан келетін 75 оқушының алғашқы легі келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Атты тур алдағы жылы да жалғасын табуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін екі кезеңнен тұрып, еліміздің 4 облысын қамтыған «Киелі Қазақстан» экспедициясы толығымен аяқталды.
-
Абай-175: Мөлдір Әуелбекова Абайдың әнін орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Мөлдір Әуелбекова Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқу эстафетасында Абайдың әнін орындады.
-
Кентаудағы тұрғын үйлер жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14 үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.
-
Бақытжан Сағынтаев «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Қазақстанның тауар өндірушілерінің көрмесінде болып, «Қазақстанның үздік тауары» XIII өңірлік конкурсының қорытындысы бойынша үздік атанған кәсіпкерлерді марапаттауға қатысты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин Бішкекте қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі өтті.
-
РФ Федерация Кеңесінің төрайымы «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев В.И.Матвиенконы І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сенаторлар Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму келешегін талқылады.
-
Қазақстандық боксшы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Аслан Мұқанов өзінің туысқанын өлтірді деп күдікке ілінген, деп хабарлады Zakon.kz.
-
«Гауһар лига»: Рыпакова жетінші орынды қанағат тұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Монакода жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» турнирінің тоғызыншы кезеңі аяқталды.
-
Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
-
Мамандар Арыстағы «Луна» қаруына байланысты түсінік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті, деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Семейден Алакөлге бара жатқан автобус өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО тас жолында автобус өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде күніне кем дегенде 10 адам суға кетеді. Олардың арасында балалар да бар.
-
Ермекбаев арыстық ақсақалдармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті.
-
Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздің кебір өңірінде 40…45 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжайды.
-
Елордада жылына 30 мыңнан аса сәби дүниеге келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 3 перинаталдық орталықта күніне 100-ге жуық сәби дүние есігін ашады, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Манзоров Бағдат Сайланбайұлы аймақ басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Almaty.tv.
-
Kaspi банктің бұрынғы қызметкеріне іздеу салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславович банктің атын жамылып, Kaspi-дің клиенттерін алдап келген.
-
Para Powerlifting–2019. Әлем чемпионатын өткізуге 800 млн теңге жұмсалды – Қайрат Боранбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өткізу үшін EXPO басшылығы Конгерсс-орталықты тегін берген.
-
Еліміздің үздік учаскелік инспекторы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Учаскелік полиция қызметін дамыту мақсатында ІІМ-де министр Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген 250-ден астам учаскелік инспекторлардың қатысуымен учаскелік полиция инспекторларының республикалық слеті ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді тоқтату ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуді қайта қарастыру қажет.
-
Суды пайдалану ережелерін бұзғандарға 442 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» брифинг өтті.
-
«Әдеттегідей сіздерге шынымды айтайын»: Арыстанбек Мұхамедиұлы музейде қанша жалақы алатынын хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа жұмысында 3 млн теңге жалақы алады дегенді жоққа шығарды.
-
Маңғыстау облысында ауыл әкімі 659 млн теңгеге заңсыз жер телімін үлестірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысындағы село әкімдерінің бірі 178 жер телімін заңсыз үлестірген.
-
Салықтық берешектің ең көп сомасы көлік иелеріне тиесілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық 16 шілдеден бастап жүргізілетінін айтты.
-
"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" – Дәурен Абаев эстафетаны қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Абайдың өлеңін оқып тұрған видеосын ол өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялаған.
-
Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президентіне Жоғарғы Соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу рәсімі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем чемпионатына 78 елден 450-ге жуық спортшы қатысады.
-
Полиция қызметкері ер адамды эскалатордан құлап кетуден құтқарып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейі ер адамның эскалатордан құлап қалуының алдын алды.
-
Ықылас Дүкенұлы шығармашылығына арналған кеш өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының туғанына 176 жылдығына арналған «Тоғыз тарау» атты шығармашылық кеш өтті.
-
Арыс қаласының 3232 үйінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 754 үйде (бір күн бұрын 674 үй) жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
-
Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қашан жүргізілетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қашан жүргізілетінін айтты.
-
46 сағат 39 минут: Рекорд орнатқан халықаралық экипаж ұшағы Нұр-Сұлтанда жанармай құйды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жерді тез айналып өтуді көздеген әуе кемесі АҚШ-тың Флорида штатынан шығып, алғашқы нүкте ретінде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қонды. 25,5 мың литр жанармай құйып, әрі қарай Маврикий аралдарына жол тартқан.
-
Айбек Қалиев Баян-Өлгейде бас жүлде алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баян-Өлгей аймағының «Айтыскер» қоғамы мен аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайы және Аймақ әкімі іс басқару орнының ұйымдастыруымен Моңғолияның мемлекеттік мерекесіне орай Баян-Өлгейде халықаралық айтыс өтті.
-
Қызды құтқармақ болған ҚАЖ қызметкері пышақталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкері қызды құтқарамын деп пышақ жарақатын алды.
-
«Ордабасы» Еуропа лигасын жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубын қабылдады.
-
Семей тұрғыны өз бақшасында есірткі өсіріп келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын жаз бен күз маусымында «Көкнәр» және «Паутина» сынды жедел-тексеру шаралары жүргізіледі.
-
Таразда нәрестені ұрлаған адам оны сатпақ болған
Тараз, BAQ.KZ. Тараз қаласының перинаталдық орталығы ұрланған бүлдіршін жайлы жаңа мәліметтерді айтты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
-
Шетелдегі қазақ диаспораларының балалары Елбасы кітапханасына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына шетелдегі қазақ диаспораларының балалары келді, деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметі.
-
Ұлыбританияда жүргізушіні қажет етпейтін кабинасыз трактор құрастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде жартылай автоматтандырылған фермалар үйреншікті нәрсеге айналды. Енді олардың орнын біртіндеп автономды шаруашылықтар басып келеді, деп хабарлады 24.kz.
-
Шымкенттегі газ құю стансасындағы жарылыстың неден болғаны анықталды
Шымкент, BAQ.KZ. Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю стансасындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді.
-
Елорда әкімі астаналық энергетиктердің жұмысын сынға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналық энергетиктердің жұмысын сынады.
-
Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің бірінші жарыс күні аяқталды. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Валентина Сдержикова топ жарды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
-
Қарағанды облысында дәрілік препараттарға рецептер алудың жаңа ережесі енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады.
-
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
-
Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
-
Шығыс Қазақстанда 230 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында тұрып жатқан 230 көп балалы отбасыға жаңа үйдің кілті табысталды.
-
Қарағанды медицина университетінде жаңа мамандық пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды медицина университетінде бакалавриат деңгейінде - «IT- Медицина» жаңа аралық мамандығы ашылды. Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне енгізілген. Биылдан бастап бірінші түлектерін қабылдап жатыр.
-
Ақмола облысында мемлекеттік қызметке іріктеу тікелей эфирде өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен хабарлады.
-
«Қарағанды-Балқаш» жолын қайта салуды арнайы штаб қадағалайтын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановтың тапсырмасымен құрылған арнайы штаб «Қарағанды-Балқаш» трассасын қайта құру барысын қадағалайды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінне хабарлады.
-
Түркістан облысының медициналық көмек көрсету жүйесі өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.
-
Елордада 16 автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Республика даңғылындағы көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылуына байланысты 16 автобус бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.
-
«Астана Опера» Өзбекстанда алғаш рет «Абай» операсын орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана Опера" театры Өзбекстандағы гастролін "Абай" операсымен бастады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қорғаныс министрі Отардағы қару-жарақтардың сақталуын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отарға жұмыс сапарымен барған ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қару-жарақтардың сақталу тәртібі мен жағдайын, жеке құрамның өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау барысын тексерді.
-
Біз сіздерді өз проблемаларыңызбен жеке қалдырмаймыз – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының ақсақалдарымен кездескен ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деп мәлімдеді.
-
Беларусь дәрігерлері елордалық әріптестерінің жұмыс тәжірибесін үйренуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордаға оқу сапарымен Беларусь елінен делегация келді. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Мәжілісмендер Ақтау қаласындағы жылу және сумен жабдықтау кәсіпорнының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Евгений Козлов және Ирина Унжакова Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ақтаудағы тұрғын-үй, коммуналды-тұрмыстық және өнеркәсіптік бағыттардағы нысандарды жылумен, сумен қамтуға жауапты «Каспий жылу, су арнасы» МКК ұжымымен кездесті.
Наверх