Қарағанды облысында дәрілік препараттарға рецептер алудың жаңа ережесі енгізілді

12 Шілде 2019, 08:53
2560
Бөлісу:
Қарағанды облысында дәрілік препараттарға рецептер алудың жаңа ережесі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан былай дәрігерлердің барлық тағайындаулары бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі. Сонымен қатар, бұл жүйе барлық дәріханашылар үшін де қолжетімді болады. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлады. 

Ауруханалар мен емханалардың КМАЖ үшін бірыңғай ақпараттық жүйесін Қарағанды облысында 2016 жылы енгізе бастады. Қазір оған жеке клиникалар мен дәріханалар қосылған. Бүгінгі күні жүйеде жүзден астам заңды тұлғалар тіркеліп үлгерген. Бұл қағаз жүзіндегі құжат айналамын азайтуға және медициналық көмекті алу рәсімін дәрігерлер үшін де, пациенттерге де ыңғайлы болу үшін қажет. 

Қазір дәрігер жазып берген дәрілердің рецептері жүйеде шығып тұрады және оны дәріханашыларға да, сол сияқты пациенттің өзі де, егер ол DamuMed қосымшасына тіркелген болса содан көре алады. Препаратты сатып алу үшін дәріханашыға жеке куәлікті немесе мобильдік қосымшадағы рецепті көрсете алады. 

"Адамдардан дәрігерлердің жазуына, оларды оқу өте қиын екендігіне шағымдар келіп түседі. Рецепт айналымының электрондық жүйесі препараттың атауы, дозасы және қабылдау жиілігі анық көрсетілген құжатты алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе рецептуралық бланктерде дәрі атауларында қателерді болдырмауға және оларды дұрыс ресімдемеуге мүмкіндік береді. Дәрігер атаудың алғашқы бірнеше әрпін енгізгенде, жүйе автоматты түрде оған дұрыс атау береді", - деді Ержан Нұрлыбаев. 

Электрондық рецепттің әрекетін онлайн режимінде, дәрігерге бармай ұзартуға болады. Ол үшін барлық тағайындау тізімі көрсетілетін DamuMed бағдарламасын орнату қажет. "Ұзарту" батырмасын басып, себебін көрсетіп, дереу емдеуші дәрігерге өтінім жіберуге болады.

Ұзарту сұраныстары туралы хабарламалар ҚМАЖ жүйесінде бірден бейнеленеді, соның арқасында барлық рәсім кемінде бір жұмыс күні уақыт алады. Смартфон немесе Интернетке қол жетімсіз адамдар тіркелген емхананың тіркеу орнына телефон арқылы рецептіні ұзартуға өтінім қалдыра алады. Рецептінің мерзімін ұзарту опциясы созылмалы аурулармен ауыратын адамдар үшін қол жетімді. Осы схема бойынша, егер ол қандай да бір себептермен пациентке келмесе, шығарылған препаратты ауыстыруға өтінім қалдыруға болады.

"Рецепт айналымының электрондық жүйесі дәрілік заттарды нарықта дұрыс емес жылжытуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Дәрігер препаратқа оның халықаралық патенттелген атауы бойынша, сауда атауы мен өндірушісі көрсетілмей, рецепт жазып бере алады. Мысалы, доктор "ацетилсалицил қышқылы", яғни "аспирин"деп жазады. Пациент қандай фирманың препаратын және оны қандай бағамен сатып алғысы келетіндігін өзі таңдайды алады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Ақпараттық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы жеке компаниямен бірлесіп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жобаны дайындайды, оның шеңберінде медициналық мекемелердің барлық жергілікті желілері дүниежүзілік желі жұмысындағы бұзылулар мен іркілістерден қорғалады. 

Дәрігердің рецептісіз сатып алуға болатын дәрілердің толық тізімін сайтта көруге болады. Егер дәріханашы көрсетілген тізімдегі препаратты сізге сатудан бас тартса, сіз Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығы - 95-55-59 нөміріне хабарлассаңыз болады.  
Өзгелердің жаңалығы