"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" – Дәурен Абаев эстафетаны қабылдады

12 Шілде 2019, 13:10
3379
Бөлісу:
"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" – Дәурен Абаев эстафетаны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты. Абайдың өлеңін оқып тұрған видеосын ол өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялаған. 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы әлеуметтік желілерде қарқын алып келеді. 

"Құрметті ағайын! Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті, ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан, бұл бастаманы мен де үлкен қуанышпен қабыл алдым", - деп сөзін бастаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Абай ақынның "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" өлеңін оқып берді. 

Өлеңді оқығаннан кейін Дәурен Абаев эстафетаны Ерлан Қарин мен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға жолдайтынын айтты.

Аталған челленджге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын, ал Димаш өз кезегінде ресейлік продюсер Игорь Крутойды және миллиондаған тыңдармандарын эстафетаға қатысуға шақырды. Бұл эстафетаға қатысқандардың арасында ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да бар.

Айта кетейік, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады.  

Өзгелердің жаңалығы