Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

12 Шілде 2019, 08:31
1602
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. 


"Қазгидромет" РМК  болжамы бойынша, республиканың тек батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірінде атмосфералық  ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Тек республиканың қиыр батысында ғана дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.    

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанда, күндіз Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.     

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық болады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ыстық, кей жерде аптап ыстық күтіледі.    

Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл  облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы