Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды

12 Шілде 2019, 08:08
1682
Бөлісу:
Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.


12 шілдеде Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.  ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.    



Өзгелердің жаңалығы