Суды пайдалану ережелерін бұзғандарға 442 млн теңгеден астам айыппұл салынды

12 Шілде 2019, 14:29
2199
Бөлісу:
Суды пайдалану ережелерін бұзғандарға 442 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» брифинг өтті. Спикер ретінде Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер сөз сөйледі.  

Комитеттің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, елімізде халықтың шомылуы, демалуы және балық аулау үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су қоймасы бар, оларда ағымдағы жылы 607 ресми жағажай (107 коммуналдық және 500 жеке жағажай) құрылып, жұмыс істейді.

«ТЖК құтқару бөлімшелері 607 жағажайдың тек 27-і (коммуналдық жағажайлар) суда құтқару станциясының есебінен, сондай-ақ 113 қауіпті су айдындарының учаскесі (табиғи жағажайлар) қосымша мобильді құтқару бекеттерін (2-3 құтқарушы және 1 жүзу құралымен 53 бекеті) қою арқылы бақыланады», - делінген хабарламада.

Су айдындарын және судағы демалыс орындарын қамтуды арттыру үшін ТЖК аумақтық бөлімшелері жыл сайын құтқарушы-жасақшыларды (объектілік құтқарушылар) ақысыз негізде оқытуды жүзеге асырады. Ағымдағы жылы 880 құтқарушы-жасақшылар дайындықтан өтті, олардың есебінен жеке демалыс аймақтарында 335 объектілік құтқару бекеті құрылды.

Қоғамдық орындарда болу және ортақ су пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар (ТЖД мен ЖП) белсенді жүргізілуде.

«2019 жылғы 1 мамыр мен 10 шілде аралығында 7 мыңнан астам рейд жүргізілді, 753 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 442 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, ӘҚБтК 440-бабы «Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» бойынша және 311 ескерту жасалды (364-бабы бойынша ортақ су пайдалану ережелерін бұзу)», - деп хабарлады Владимир Беккер.

Қабылданған тиімді шаралардың арқасында соңғы жылдары мас күйінде суға батып кеткендердің саны 2 есеге азайғаны байқалады (2017 ж. - 26, 2018 ж. - 15, 2019 ж. - 14).
Өзгелердің жаңалығы