Все новости за 21 маусым 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Көкшетауда ерекше демалыс орны ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда полицейлердің төл мерекесі қарсаңында ішкі істер органдарының және ұлттық гвардия ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
ҰБТ-2019.Түркістандық жас түлек 137 балл жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова хабарлады.
-
Қарағанды ғалымы «Алтын Гефест» сыйлығымен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰҒА академигі Аристотель Исағұлов «Алтын Гефест 2019» ұлттық тау-кен металлургиялық салалық байқауының лауреаты атанды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
QAZAQ AIR әуе компаниясында «Өскемен-Нұрсұлтан» рейсі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZAQ AIR әуе компаниясында Өскемен-Нұрсұлтан рейсі ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Павлодар облысының 555 полицейі марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыруда шетелдік инвестицияларды тарту шаралары жетілдірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп жазады primeminister.kz.
-
Қарағандыда «Жастар әлемі» VІ облыстық фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 22 маусымда Орталық мәдениет және демалыс саябағында VІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Қаржы министрлігінде «Адалдық алаңы» кеңсесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.
-
Қазақфильм атынан кастинг ұйымдастыратын алаяқтар көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның қалаларында «Қазақфильм» киностудиясының жобаларына кастинг өткізіп, қатысушылардан ақша талап ететін алаяқтар көбейген. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мәскеу, Минск және Алматы бейнекөпірі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу, Минск және Алматы. Бұл қалаларды ортақ тақырып байланыстырды. Үш қалада «Бұрынғы Кеңес Одағының халықтары: Отан соғысы мен Ұлы Жеңісте бірге» атты бейнекөпір форматында дөңгелек үстел өтті.
-
Археологтар Ойылдағы қорымды зерттеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырықоба қорымынан жерлеу рәсімінің бірнеше түрі анықталды. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
Алдағы күндері +43 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы күндері кей өңірлерде қатты ыстық болады деп болжайды.
-
«Жолда қабылдау» акциясы азаматтардың проблемасын кабинеттен тыс жерде шешуге ықпал етеді - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі ай сайын «Жолда қабылдау» акциясын өткізуді тәжірибеге енгізген. Бұл туралы бүгін xалықпен кездесуда ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
-
Тоқаевты Ұлыбританияның премьер-министрі құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
"Менің келгенімді білмейді". Келіншек күйеуінің мәселесін министр арқылы шешіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың xалыққа есеп беру кездесуіне келген шымкенттік келіншек күйеуінің мәселесін өзіне айтпай шешіп алды.
-
ҰБТ тапсырушылардың 75% қазақ тілін таңдаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев қазақ тілінде тест тапсырушылардың саны туралы мәлімет берді.
-
Назарбаев билікке келісімен Мәскеудегі орталық билік бізбен санасатын болды – Қуаныш Сұлтанов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы билікке келген күннен бастап Қазақстан басшысының Республика жұртшылығының мүддесіндегі әрбір сөзі, әр бастамасы халың елдің көңілінен шығып, Мәскеудегі орталық билік біздің басшымызбен санасатын болып, еңсеміз көтеріле бастады. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Алматыда өткен конфекренция кезінде айтты.
-
ҰБТ-2019: Білім министрлігі төмен және орташа ұпай туралы ақпарат бермейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ҰБТ нәтижелері мектептер мен өңірлердің рейтингілеріне еш қатысы болмауы тиіс деп мәлімдеді
-
ІІМ «Айна ұрлау» секілді қылмыстарға қалай жол бермеуге болататынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автокөлік бөлшектерін сатуға өзгеріс енгізу жайлы айтты.
-
«Нұрлы жер» аясындағы үйлердің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Бүгін Қызылордада Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 40 пәтерлі үйдің іргетасы қаланды, бұл сол жағалауда салынатын 3 жаңа шағынауданның алғашқы көпқабатты үйі, деп мәлімдейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Тбилисиде митингке шыққандар Парламентті басып алғысы келді: полиция суатқыштар мен газ қолдануға мәжбүр болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Тбилисидегі Грузияның Парламент ғимаратының алдына жиналған митингке қатысушыларды тарату үшін суатқыштар, көзді жасаурататын газ және рәзіңке оқтар қолданды. Үкіметтің бүгінгі құрамын отставкаға кетуін талап еткен халық Парламент ауласына кірмекші болған.
-
ҰБТ: 3500 бала шекті деңгейден өте алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ҰБТ алғашқы күнін қорытындылады.
-
Қарағандыда әкімдік қызметкерлері цифрлық сауаттылыққа үйренді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» екі мыңнан аса әкімдік қызметкерлерін egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларына үйретті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Павлодар маңындағы ескі үйлерді бұзу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленин кенті Космонавтар көшесі бойында орналасқан үйлер 15 жылдан аса қаңырап тұр. Осы уақыт арасында техникалық зерттеу нәтижесіне сәйкес, бос қалған жеті ғимараттың бесеуі тұруға жарамсыз болып танылған, деп жазады pavlodarnews.kz.
-
Елбасы жаңа мемлекетті қалыптастырды – Нығматулин
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткізгенін айтты
-
«Жасыл елде» көпбалалы отбасынан шыққан 200 бала жұмыс істеп жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары» жобасының аясында осы жазда Нұр-Сұлтанда жұмыссыз, студент және мектеп жастары арасынан 975 жас жұмысқа орналастырылады.
-
Назарбаев көшбасшылық қабілеті ерекше адам – Ариэль Коэн
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаевтың әлемдік саясаттағы қазіргі рөліне келсек, ол қазір толысып, өз кемеліне келген нағыз ақсалдардың бірі. Ондай адамдардың рөлі қазіргідей халықаралық шиеленіскен заманда арта түседі. Бұл туралы Атлантикалық кеңестің аға сарапшысы Ариэль Коэн Baq.kz тілшісіне пікір
-
Елордада Журналистер аллеясы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада тағы бір аллея ашылды. Қазақстан құрылысшылары одағының шақыртуымен 14 бұқаралық ақпарат құралынан 40-тан астам журналист жиналып, шырша отырғызды.
-
Ант берген соң қауіпке төземіз –полиция қызметкері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Шымырқұлов қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құрмет грамотасымен марапатталды.
-
Асламбек Мерғалиев: Реформалар сөзсіз қажет
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сот және құқық қорғау жүйесін реформалау жөнінде мәлімдеген еді. Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев осы туралы пікір білдірді
-
Өңірлік туризмді дамыту жобаларына тек отандық инвесторлар қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде облыста туристерге арналған пасионат, қонақүйлерде жалпы саны 10200-ден астам адамды жайғастыруға арналған орын бар. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Ақтауда сот мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының соттарын жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырыс өтті. Бұл туралы Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Балаларға тапанша кезеген адамды ұстаған полиция қызметкері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамота табыстады. Патрульдік полиция полкінің аға сержанты Руслан Шмидт те осындай марапатқа ие болды.
-
Нақты, батыл, пәрменді қадам жасайды деп сенемін – Мархабат Байғұт
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Мархабат Байғұт еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 бағытына қатысты пікірін білдірді.
-
Елордалық полиция қызметкерлеріне 160 млн теңге көлемінде сыйақы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ержан Саденов әріптестерін мерекелерімен құттықтап, оларға ақшалай сыйақы берілетінін айтты.
-
Назарбаев президенттіке келісімен өзін реформатыр ретінде көрсете білді – қоғам қайраткері
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаев президенттіке келісімен өзін реформатыр ретінде көрсете білді. Сол кезден бастап Тәуелсіздік жолындағы батыл қадамдар жасала бастады. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қайраткері Оралбай Әбдікәрімов "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты конференцияда айтты.
-
Семейдегі Абай алаңының дизайны өзгереді
Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Семейге еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан дизайнерлік топ келді. Олар Абай алаңын жаңадан жабдықтамақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерінің баспана мәселесі қалай шешілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерін келе жатқан полиция күнімен құттықтау салтанатында олардың басындағы бірқатар мәселелерді атап, оларды шешуді назарға алатынын айтты.
-
«Сіздерге қарап мемлекетке баға береді». Көлгінов полиция қызметкерлері туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерін келе жатқан полиция күнімен құттықтады.
-
Елорда әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция қызметкерлерін келе жатқан полиция күнімен құттықтап, қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамота табыстады.
-
Елордада джиу-джитсуден халықаралық турнирі өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда төрінде джиу-джитсудан xалықаралық NUR-SULTAN JIU-JITSU GRAND PRIX турнирі бастау алды.
-
«Хабар» арнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байланыс және ақпарат қызметкерлері (журналистер) күніне орай «Хабар» арнасы британиялық BBC One телеарнасының «Пресса» телехикаясын көрсетеді. 6 бөлімді туындыны көрермендер 24-28 маусым аралығында сағат 21.30-да тамашалайды.
-
Дүниежүзілік банктің рейтингінде біздің ел қазір 28 орында тұр - Назарбаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1993 жылы еліміздің ЖІӨ 11 млрд доллар болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 171 млрд долларға жетті. Орталық Азия елдерінің көрсеткіштерін қосқанда 100 млрд доллар шамасында. Бұл туралы Елбасы Алматыда өтіп жатқан конференция кезінде айтты.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Қарағандыны айналып өтетін жаңа автобан биыл ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды маңындағы Солтүстік-Шығыс айналма жолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы жол құрылысшылары облыс әкімі Ерлан Қошановқа жөндеу жұмыстарын тексеру барысында айтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Горбачев пен Ельцин маған премьер-министр болуды ұсынған - Елбасы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Совет одағы ыдырамай тұрып Горбачев пен Ельцин маған премьер-министр болуды ұсынды. "Егер келіскенде жағдай қалай болар еді" деп әлі күнге дейін бұл туралы айтып, талқылап жатады.
-
Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаға бензин экспорттайды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаға алғашқы бензин экспортын бастайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
«Маусым айынан бастап, бензин экспорты үшін барлық жағдай жасалды.
-
Елбасы президент бола сала ұлттық құндылықтарды қалпына келтіру ісіне кірісті – Мұрат Жұрынов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Тәуелсіздігі Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегімен тығыз байланысты екені белгілі. 30 жыл көшбасшылық еткен Елбасының елдің дамуына қосқан үлесі тұрасында ҚР ҰҒА президенті, академик, химия ғылымының докторы, профессор Мұрат Жұрыновпен сұхбаттасқан едік.
-
30 жыл бойы жастардың жарқын болашағы үшін қызмет еттік – Елбасы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты конференцияға қатысуда.
-
Мені ешкім тыңдамайды - Қанат Бозымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бензин бағасын министрлік емес, нарық реттейді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
«Бензин бағасын мен емес,нарық реттейді. Мені ешкім тыңдамайды. Көшеге шығып, оларға «ба
-
Елбасы егемен еліміздің жылнамасын жасаған адам - Тоқаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Елбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметі ширек ғасырдан асты. Бұл жай ғана мерейтойлық дата емес, Қазақстанның даму жолын анықтаған ел тарихындағы аса маңызды кезең болды. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты конференция барсында айтты.
-
Он жасар дизайнер ұлттық нақышта киімдер тігеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Он жасар Әйгерім Мұратқызы отандық дизайнерлер арасында алғаш рет өткізіліп отырған Altyn Oimaq байқауының финалына жолдама алды.
-
Алматыда Елбасының қатысуымен "Кемеңгерліктің 30 жылы" атты халықаралық конференция басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған конференция тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды атаулы күн қарсаңында еліміздің Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің ең жоғарғы лауазымындағы қызметте болуының 30 жылдығына арналып отыр.
-
Алматыда Елбасының қатысуымен уақыт капсуласын қою рәсімі өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақ-британ университетінің жанында Елбасының қатысуымен "Уақыт капсуласын" қою рәсімі өтті.
-
Мүгедектерге шипажай жолдамасы берілмей жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар жаз ортасы болса да мемлекет тарапынан берілетін жолдамаға қол жеткізе алмай отыр, деп жазады Aktobenews.kz.
-
Ардагер полицейлерге құрмет көрсетілді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің желілік полиция қызметкерлері марапатталды.
-
Әлем әдебиеті теориясы қазақ тілінде жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Мухтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып басылған әлем әдебиеті те
-
Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракетасы жапониялық Наоми Осаканы жеңді.
-
Ақын сақшы
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы – елге, жерге деген махаббат. «Ашуланса айды да қақ бөлердей, алдаспаның болайын қолыңда мен» деп жырлайды ол. Біз Арқалық қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция капитаны Данияр Садуақасов туралы айтып отырмыз.
-
Пайыз, сынып, әнұран сөздері қолданыстан алынады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық алдында есеп берген ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 3000-нан жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілгенін айтты.
-
Павлодар қаласын көгалдандыру бағдарламасы әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бес жылдық жоспар ұсынылды.
-
DAZN Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегіне қатысты түсінік берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында үшінші жекпе-жек жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Sports.kz жазды.
-
Павлодар қаласын көгалдандырудың бағдарламасы әзірленуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бес жылдық жоспар ұсынылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Нұрсұлтан Назарбаев. Отан тарихындағы 30 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билік басына келіп, ел тізгінін қолға алғанына тура 30 жыл толды.
-
Түркістандық шаруалар жаңа техникаға қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық шаруалар мемлекеттің қолдауымен су жаңа техникаларға қол жеткізді. Есімхан алаңында 9 дана трактордың кілті салтанатты түрде тапсырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наверх