«Хабар» арнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді

21 Маусым 2019, 13:13
1819
Бөлісу:
«Хабар» арнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді
PHOTO Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байланыс және ақпарат қызметкерлері (журналистер) күніне орай «Хабар» арнасы британиялық BBC One телеарнасының «Пресса» телехикаясын көрсетеді. 6 бөлімді туындыны көрермендер 24-28 маусым аралығында сағат 21.30-да тамашалайды.

Картинаның оқиға желісі бойынша The Herald газеті The Post таблоидымен бір ғимаратта отырады. The Herald қызметкерлері журналистиканың принциптерін ұстанса, екінші басылым оқырмандар санын арттыру үшін этика ережелерін бұзып, жалған ақпарат таратуға әзір. Бәсекелес басылымдар күрделі мәселелер мен сан алуан проблемаларды шешу барысында кездеседі. Ортақ ақпарат, дегенмен The Herald мақсаты – шындықты айту, ал The Post – оқырмандардың көңілін көтеруді өз міндеті деп біледі.  

«Хабар» арнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді   

Телехикаяда екі басты кейіпкер бар: The Post-тың бас редакторы Дункан Аллан, ол үшін жұмыс бірінші орында және The Herald газетінің жаңалықтар бөлімінің редакторы Холли Эванс. Сонымен қатар туындыда медианың digital заманына және ақпарат ағынына бейімделу барысы да сөз болады.

Картинаның авторы Майк Бартлетт («Доктор Фостер»), басты рөлдерді Бен Чаплин («Сноуден», «Именинница»), Шарлотта Райли («Грозовой перевал», «Острые козырьки») және Дэвид Суше («Пуаро Агаты Кристи») ойнайды.

«Хабар» арнасы журналистер туралы телехикая көрсетеді

«Пресса» телехикаясындағы газеттер ойдан шығарылған, дегенмен сыншылар, сериалдағы басылымдар The Sun таблоиды және The Guardian газеті (Британияның танымал басылымдары) болуы мүмкін дейді. Телехикаяның режиссері Том Вонның айтуынша басылымдардың айқын прототипі жоқ, алайда түсірілімнен бұрын шығармашылық топ әртүрлі басылымдардың жұмысымен танысып, әрқайсынан қызықты тұстарын алған.  



Өзгелердің жаңалығы