Елордалық полиция қызметкерлеріне 160 млн теңге көлемінде сыйақы берілді

21 Маусым 2019, 14:45
2068
Бөлісу:
Елордалық полиция қызметкерлеріне 160 млн теңге көлемінде сыйақы берілді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ержан Саденов әріптестерін мерекелерімен құттықтап, оларға ақшалай сыйақы берілетінін айтты. 


«Баршаңызды біздің Қазақстан Полиция күнімен құттықтауды рұқсат етіңіздер. Бүгінде қылмыспен күресіп, азаматтардың конситуциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғап қоғамды тәртіппен қадағалап жүрген сіздер. Отан алдындағы қиын да абыройлы істеріңізге тек қана сәттілік тілеймін. Отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңіз табысты болсын», - деді ол.
Елордалық полиция қызметкерлеріне 160 млн теңге көлемінде сыйақы берілді

Саденов полицияның кәсіби қызметі үлкен тәжірибеге, терең білімге және үздік дәстүрлердің сабақтасуына негізделетінін, осының негізінде жас полицейлер де тәрбиеленіп жатқанын, олардың елордалық департмент тарихына өз жарқын кезеңдерін енгізетініне сенім білдіретінін атап өтті. 

«Осы күні мен жас қызметкерлерге тәрбие беруде олардың кәсіби жақсы маман болып қалыптасуына өз үлестерін қосатын өздерінің бай тәжірибесімен бөлісетін, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына жан-жақты қолдау көрсететін ардагерлерімізге үлкен алғыс айтқым келеді»,- деді елордалық полиция департаментінің бастығы.
Елордалық полиция қызметкерлеріне 160 млн теңге көлемінде сыйақы берілді

Ол мемлекет қолдауының арқасында полиция департаменті алға қойған барлық міндеттерді орындайтынын айтты. 

Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 1279 қызметкер республикалық бюджет есебінен 123 млн теңге және 1938 қызметкер жергілікті бюджет есебінен 139 млн 500 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Саденов сөз соңында қала басшысына айтқан нұсқауларын орындауды бастап кеткенін жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы