Дүниежүзілік банктің рейтингінде біздің ел қазір 28 орында тұр - Назарбаев

21 Маусым 2019, 12:54
1400
Бөлісу:
Дүниежүзілік банктің рейтингінде біздің ел қазір 28 орында тұр - Назарбаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1993 жылы еліміздің ЖІӨ 11 млрд доллар болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 171 млрд долларға жетті. Орталық Азия елдерінің көрсеткіштерін қосқанда 100 млрд доллар шамасында. Бұл туралы Елбасы Алматыда өтіп жатқан конференция кезінде айтты.


Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тоқырауға түскен ел экономикасын көтеру жолдарына тоқталып өтті.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары нарықтық экономикаға бейімделу үшін белді экономистермен жұмыс істеп, біз қысқа мерзімде әрекет ету жоспарын құрып, нарықтық экономиканы құруға кірісіп кеттік. Бұған дейін Қазақстанда ең жылдам тиімді реформа жасалды деп көп айтылып келді. Біздің жасағанымыз нағыз ерлік болды", - деді ол. 

Сонымен қатар, ол елге тікелей инвестициялар тарта білгенін айтты.

"Инвестицияның арқасында экономикасы артта қалған Қазақстан жетекші мемлекеттер қатарынан көріне білді. Тәуелсіздік алған осы жылдар арасында халқымыздың өмір сүру деңгейі бірнеше рет өсті. 1993 жылы еліміздің ЖІӨ 11 млрд доллар болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 171 млрд долларға жетті. Орталық Азия елдерінің көрсеткіштерін қосқанда 100 млрд доллар шамасында. Біз 300 млрд доллар инвестиция тарта білдік. Бұл Қазақстанға және оның саясатына деген сенім болатын", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, ол еліміздегі техникалық өндіріс саласы да қарқынды даму үстінде екенін жеткізді.

"Қазір елімізде сатылған екі көліктің бірі Қазақстанда құрастырылған. Дүниежүзілік банктің рейтингінде біздің ел қазір 28 орында тұрса, бәсекеге қабілетті 50 елдің құрамына кіреді. Әрдайым айтып жүрген шағын және орта бизнестің үлесі қазір 27% құрап отыр", - деді Н. Назарбаев.




Өзгелердің жаңалығы