Все новости за 23 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
26 мамырда елорда көшелерінің бір бөлігі жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық марафонын өткізу кезінде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Назарбаев орталығында республикалық фотокөрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онда Теміртау және Шымкент қалаларының жалпы орта білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптарда оқитын 20-дан астам баланың 45 жұмысы қойылды, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының Баспасөз қызметі.
-
Алматыда науқастарға дәріні робот беретін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алматы - Адалдық Алаңы» жобасы аясында мегаполисте алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат – дәріхана роботы іске қосылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Наурыз көшесінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №4,34 автобустарды қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.
-
Қазақстанда емделмейтін ауруларға шалдыққан кемінде 100 бала шетелге жіберіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сонымен қатар, аутизм диагнозы қойылған балаларға медикаментсіз ем жасалуы қамтамасыз етіледі. Аталған бастамалардың бәрі «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған бiрегей меморандумда көзделген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістан облысында бидай алқабы ұлғаяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Сайрам ауданында 53 мыңнан аса гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Өткен жылы оның көлемі 52 мың гектарды құраған.
-
«Астана Су Арнасында» болған қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиғаның салдарынан «Астана су арнасы» мекемесінің 4 қызметкері қаза болды. «Астана Су Арнасы» мекемесінің көз жұмған қызметкерлері 1988, 1993, 1995 және 1967 жылы туған азаматтар екені анықталды.
-
"Қорғас" Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді
Алматы, BAQ.KZ. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде екі жоғарғы оқу орны сатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Қаржы академиясы мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ университеті саудаға шығарылды.
-
Атырауда 20 студент уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
МСҚ қызметі толық цифрландырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Ақтөбеде өткен медицина мәселелеріне арналған халықаралық жиында Медициналық сақтандыру қорының қызметін толық цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
-
Ақмолада «Еңбек» бағдарламасы арқылы 700-ден аса жоба қаржыландырылды
Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 765 бизнес-жоба қаржыландырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.
-
Сенат басшысы РФ Федерация кеңесінің комитет төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы, Еуразиялық медиа форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясы Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачевпен кездесуі барысында әлемдік медиа кеңістігіндегі Еуразиялық медиа форумның рөлі талқыланды.
-
Кентаудың студенттері шетелде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кентау қаласындағы политехникалық колледждің студенттері алдағы уақытта халықаралық деңгейде сертификат алып, шетелдердегі кәсіпорындарда жұмыс істей алатын болады.
-
Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет сайлауда дауыс береді
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында 18 жасқа толған 24 мыңнан астам азамат алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс береді.
-
ECO-challenge Qostanai: 200 тоннадан артық қоқыс жиналды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. «ECO-challenge Qostanai» акциясы кезінде Тобыл өзенінің бойынан 200 тоннадан артық қоқыс жиналды.
-
Дүкенде ұрлық жасауға әрекеттенгендер енді жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінде өткен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 486-отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты.
-
23 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген үгіт-насихат жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.
-
Алматыда қалалық діни бірлестіктер басшылары клубының жиыны өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жиын барысында қаладағы діни ахуал мен түрлі діни бірлестіктердің қарым-қатынасы сөз етілді.
-
Қазақстанда жұмыссыздық емес, кәсіптің тапшылығы бар – Елбасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Nur Otan партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесіп, өңірлік штаб жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.
-
Елордада Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жас ғалымдардың республикалық конгресі өтті.
-
Елордалық колледждердің үздік оқытушылары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмыс істейтін мұғалімдер арасында республикалық «Үздік педагог - 2019» байқауының қалалық кезеңі өтті, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
-
Ақтөбеде "Отбасын сақтау" орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» жобасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық соттың бастамасымен «Отбасын сақтау орталығы» ашылды.
-
Алматыда грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов кубогі» басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында білекті балуандар бас қосады. 24-26 мамыр күндері грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов кубогі» халықаралық турнирі 25-ші рет жалауын көтермек, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Шри-Ланкадағы төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды
Алматы, BAQ.KZ. Шри-Ланка президенті Майтрипала Сирисена елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір айға ұзарту жөніндегі құжатқа қойды, деп жазды Синьхуа агенттігі.
-
Кемшіліктерге жол берген медицина ұйымдарына салынатын айыппұл көлемі өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары, яғни емханалар халық денсаулығының іргетасы. Сондықтан мемлекет БМСК көрсететін денсаулық сақтау нысандарын дамытуға ерекше ден қойып отыр.
-
ШҚО-да өтеусіз грант алушылар тізімі жасақталуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел азаматтарына мөлшері 252 500 теңгелік өтеусіз грант алу мүмкіндігі берілмек. Бұл жөнінде облыстық Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев хабарлады.
-
Ақтөбеде көпбалалы аналар әкіммен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пәтер кезегінде тұрған көпбалалы аналармен кездесті.
-
KIOSH-2019: Павлодар облысында өндірістік жарақат азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында өндірістік жарақат көрсеткіші едәуір азайған.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.
-
БЖЗҚ: Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4% өсті
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,8 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 382,4 млрд теңгеге немесе 4 % өсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде малға арналған сырғалар шығарылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірге отандық нарық үшін ветеринарлық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға маманданған "Бірыңғай шоғырландырушы орталық" ЖШС және ZTOWN Development қазақстандық өндірістік нысандарын аралады.
-
Ел чемпионаты. Жамбы атудан Қазақстан чемпионы анықталды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы Жамбы атудан V чемпионаттың жеңімпазы анықталды.
-
Түркістанда амфитеатр пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Қазмұнайгаздың басқарма төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.
-
KIOSH-2019: Бүгінгі көрменің масштабы жоғары – ресейлік маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "KIOSH-2019" IX Халықаралық көрмесіне Қазақстан, Қытай, Ресей және Түркиядан 43 компания қатысып жатыр.
-
Жұмыстағы өндірістік жарақат көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы "көш бастап тұр"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан бойынша Қарағанды облысы өндірістік жарақат жиі тіркелетін аймақ болып тұр.
-
Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтті.
-
#Өзіңнен баста. «Аладдин» фильмі отандық прокатқа қазақ тілінде шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. #Өзіңнен баста – голливудтық фильмдерді қазақ тіліне көркемдік дубляждау жобасы аясында 29-фильм отандық прокатқа шықты.
-
Бас прокуратура азаматтарды сайлау заңнамасын бұзбауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақмолада жұмыс істемей тұрған лагерьлер қалпына келтіріледі
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде талай жылдан бері жұмыс істемей тұрған сауықтыру орталықтарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы балалар туризмін дамыту мәселелеріне арналған жиында айтылды.
-
Алматыда "Елбасы. Жастар. Жасампаздық" жобасы іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аталған жобаның ашылу салтанаты өтті.
-
Ел чемпионаты. Жамбы атудың сұрмергендері
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан – V чемпионатының төртінші күні Жамбы атудың мергендері алаңға шықты.
-
Сенат төрағасы Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының төрағасы, Еуразиялық медиа форумның Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Алматыда форум аясында бірқатар кездесу өткізді.
-
Елордалық пара-каратэшілер 16 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада пара-каратэ бойынша халықаралық «Nur-Sultan Open 2019» инклюзивті турнирінің қорытындысы шығарылды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
-
Ел чемпионаты. Теңге ілуден Қазақстан чемпионы анықталды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Талас Алатауының бөктерінде байрағын көтерген Ұлттық ат спортынан Қазақстан чемпионатының төртінші күні Теңге ілуден ел чемпионы анықталды.
-
Əбдіқалықова: Жастар инновациялардың жаршысы болу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Астана" халықаралық қаржы орталығында "Инновациялық экономикаға арналған кәсіпкерлік білім" атты III халықаралық форум өтіп жатыр.
-
Қазақстанда 373 мың адам зиян еңбек жағдайында жұмыс істейді – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әрбір төртінші жұмысшы өміріне зиян жағдайда еңбек етіп отыр. Бұл туралы "KIOSH-2019" IX Халықаралық көрме мен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша конференция барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.
-
АІВА Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелігінен шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасында қалды. Алайда, Халықаралық Бокс Қауымдастығын (АІВА) Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан танылуы тоқтатылуы тиіс.
-
Заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік тіркеуден өткізетін болады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 1 шілдеден бастап заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Мұндай ақпаратты Әділет департаменті хабарлады.
-
Семейліктерге әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Семей қаласындағы Жұмыспен қамту орталығына барып, тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстарының қандай деңгейде атқарылып жатқандығын тексерді.
-
Ел чемпионаты. Теңге ілуге қатысатын спортшылар
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласының қасындағы Бектөбе атшабарында басталған Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының бүгін төртінші күні басталды.
-
Данияр Елеусіновтің 25 мамырда жұдырықтасатыны расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Олимпиада чемпионының 25 мамыр Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасатынын растады, деп хабарлады Vesti.kz.
-
Атырауда «Жасыл ел» жасағы 6 ай жұмыс жасайды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары алты ай жұмыс жасайды. Ол үшін 160 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр. Бұл соманың 40 миллионға жуығы республикалық, ал 120 миллион теңгеден астамы жергілікті қазынадан бөлінген.
-
Павлодарда жағалау мен гүлзарлар сәндік өсімдіктермен безендіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыруға байланысты гүлмен әшекейлеу үшін дизайнер белгілі бір аймақта қанша және қандай гүлдер отырғызылуы керек екенін есептейтін компьютерлік бағдарламаны пайдаланады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Атырауға 100-ден аса қандасымыз оралды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 100-ден астам шетелдік қандасымыз Қазақстан азаматтығын қабылдап, Атырауға қоныс аударған.
-
Солтүстік Қазақстан ауылында роботталған қоспажем зауыты іске қосылды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылжар өңірінде қоспажем өндіретін заманауи зауыт ашылды. Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка ауылында тұрғызылған жаңа нысанды іске қосу рәсіміне СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен "KAZMEAL" компаниясының бас директоры Дина Өтебаева қатысты.
-
23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, тұман, жел күшеюі, дауыл болуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Наверх