Заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік тіркеуден өткізетін болады

23 Мамыр 2019, 10:23
2754
Бөлісу:
Заңды тұлғаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік тіркеуден өткізетін болады

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 1 шілдеден бастап заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Мұндай ақпаратты Әділет департаменті хабарлады.

Бұрын бұл Әділет департаментінің құзырында болатын. Енді аталған департамент тек коммерциялық емес ұйымдарды тіркеумен айналысады. 

Жаңашылдық «Бизнес-ортаны дамыту және сауда-саттық қызметін реттеу мәселелері жөніндегі ҚР Кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңы аясында» қабылданған. Ол бойынша бизнес сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ салық төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органына тіркелмеген заңды тұлғалардың жұмысы тоқтатылатын болады.

Облыс бойынша бүгінде 30 мыңдай заңды тұлға тіркелген. Ал олардың 2 мыңнан астамында бизнес сәйкестендіру нөмірі жоқ екен.

«Заңды тұлғаларды тіркеу және олардың филиалдарымен мемлекеттік тіркеу туралы заңның 16-бабына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірін алмаған немесе салық төлеушінің нөміріне кірістер басқармасына тіркелмеген заңды тұлғалар мәжбүрлі түрде тоқтатылатын болады», - дейді Атырау облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы Зарина Төребаева.

Сондай-ақ, Зарина Төребаеваның сөзінше, ол үшін тіркеуші орган сотқа жүгінеді және бизнес сәйкестендіру нөмірін ұлттық тізімнен алып тастау үшін тіркеуші орган заңды тұлғаның қызметін тоқтатады.

Өзгелердің жаңалығы