Елордалық колледждердің үздік оқытушылары анықталды

23 Мамыр 2019, 16:33
2025
Бөлісу:
Елордалық колледждердің үздік оқытушылары анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас қалада техникалық және кәсіптік білім беру саласында жұмыс істейтін мұғалімдер арасында республикалық «Үздік педагог - 2019» байқауының қалалық кезеңі өтті, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Байқауды өткізудің мақсаты – шығармашылыққа бейім, интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген талантты педагогтарды анықтау. 

Іріктеу кезеңдерінің негізінде жақсы нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы «Менің педагогикалық ұстанымым» атты өзін-өзі таныстыру сайысында бақ таластырды. 

Байқау қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжінің оқытушысы Сәулем Қожабергенова бас жүлдені қанжығасына байлады. 

Елордалық колледждердің үздік оқытушылары анықталды

Бірінші орынды экономика, технология және тамақ өнімдерін стандарттау колледжінің оқытушысы Гүлден Байғабылова, екінші орынды - Көлік және коммуникация колледжінің бұрынғы оқытушысы Екатерина Тарасова алды. 

Елордалық колледждердің үздік оқытушылары анықталды

Үшінші орын көпсалалы колледж оқытушысы Антонина Хижинскаяға бұйырды. 

Сонымен қатар, «Зерттеуші педагог» аталымы бойынша технологиялық колледжінің оқытушысы Ұлжан Теміртанова, «Жаңашыл педагог» атылымында құрылыс және техникалық колледжінің оқытушысы Алмас Әбдіреимов, «Әдіскер педагог» аталымы бойынша политехникалық колледждің оқытушысы Самал Мухаммедия және «Эрудит педагог» аталымында техникалық колледждің оқытушысы Адият Имамбаев жеңімпаз атанды. 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының дипломдарымен, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттарымен, педагогтардың «Әділет» қалалық кәсіподағынан ақшалай сыйақымен және сыйлықтармен марапатталды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының үздік ұстаздары мен үздік тәрбиешілерінің есімдерін жариялаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы