Павлодарда жағалау мен гүлзарлар сәндік өсімдіктермен безендіріледі

23 Мамыр 2019, 09:19
3076
Бөлісу:
Павлодарда жағалау мен гүлзарлар сәндік өсімдіктермен безендіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрландыруға байланысты гүлмен әшекейлеу үшін дизайнер белгілі бір аймақта қанша және қандай гүлдер отырғызылуы керек екенін есептейтін компьютерлік бағдарламаны пайдаланады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.


Қалалық ТҮКШ бөлімі көгалдандыру секторының бас маманы Арман Құсайынов биыл Павлодарда гүл отырғызуға 49 млн теңге бөлінгенін атап өтті.

"Жалпы көлемі 14 мың 840 шаршы метрге гүл отырғызу жоспарланған. Қазіргі таңда 2,5 мың шаршы метрге отырғызылған. 10 мың шаршы метр жер гүл отырғызуға дайын",- деді Арман Құсайынов.

Биыл қалалық гүлзарларда, саябақтарда, алаңдар мен жағалауда гүл отырғызу жұмысымен «Дендра» ЖШС айналысады. Мердігер қаланы 50 түрлі гүл отырғызып көріктендіруге уәде берді. Оның 30 түрі қаламыздың дәстүрлі шырайгүлі, 20-ға жуығы Ертіс өңірінің күрт континенталды климатына төзімді, қазанға айына дейін көздің жауын алатын үлпек, тагетис, төрт түрлі орамжапырақ, қылтанбас, изен, циннерария өсімдіктері.

"Биыл біз гүлзарларға ертерек – 6 мамырда отырғыздық. Гүлдер ең алдымен ардагерлер саябағында, Даңқ ескерткішінің айналасында, жағалауда және Торайғыров көшесінің бойындағы гүлзарларда отырғызылуы тиіс", - деді «Дендра» ЖШС директоры Руза Хамитова .

 Әрбір гүл бақшасы үшін дизайнер өрнек салып, компьютермен қандай түрлер және қанша талап етілетінін есептейді.

Көріктендіру барысында түрлі гүлдер ғана емес, сәндік өсімдіктер де отырғызылады. Руза Хамитованың айтуынша, минус үш градусқа дейін температураға төзе алатын ең қарапайым гүлдер таңдалған. Мердігердің міндеті – отырғызу ғана емес, гүлдердің жай-күйін қадағалау, оларды уақытында отау, топырақты босату, сондай-ақ, гүл өліп қалса, бұзылған немесе ұрланған болса қалпына келтіру. 

Маусым айында «Жасыл ел» студенттік жасағы бір ай мерзімде мердігерге арам шөптерді жұлуға көмектеседі. Әзірге шаһардағы отырғызылған гүлдерге 20 адам қарауда.


Өзгелердің жаңалығы