Все новости за 14 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елорданың барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда мектеп директорлары есеп беру кездесулерін өткізеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Елордада велотректен халықаралық турнир басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда велотректен Silk Way Series Astana халықаралық турнирі өтеді. 19 мамырға дейін жалғасатын дода CL2 және CL1 санатындағы турнирлер қатарына жатады. Жарыста кубоктік кезеңдерге қатысу үшін рейтингілік ұпай таратылады, деп жазды Olympic.kz.
-
Еуроодақта ұялы байланыс ақысы өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырдан бастап Еуроодақта ұялы байланыс ақысына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы "Хабар 24" жазды.
-
Қарағандыда 15 көпқабатты үйдің коммуникациялары толық жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда алдағы жылу маусымына дайындықтар басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Назарбаева ғылыми жобалар маркетингін белсенді жүргізу қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева «Ғылым қоры» акционерлік қоғамында болды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да бір жылда 135 мың адамның мәртебесі анықталған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысында актуалдауға жатқан 187 мың адамның 72 пайызының мәртебесі анықталған. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы барысында облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаев хабарлады.
-
Нұр-Сұлтанда "Ethno Fest" өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан-шатыр» кешені маңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп тұңғыш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесін өткізеді.
-
Алдағы күндері елордада күн салқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Тоқаев Байқоңыр қаласының даму барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентіне қаланың қазіргі аxуалы мен әлеуметтік-экономикалық даму барысы және оның негізгі көрсеткіштері баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
Атырау әуежайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифт бар
Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атырау халықаралық әуежайында арбаға таңылған жандар үшін жаңа амбулифт техникасы сатып алынды. Енді мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды ұшақтың ішіне дейін осы құрылғымен жеткізетін болады.
-
Атыраудағы тұрғын үйлердің қабырғаларына street art суреттер салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәні оқытушылары облыс орталығын безендіруге үлес қосуды қолға алды, деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Батыс Қазақстанның құтқарушылары екі жасөспірімді аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 112 телефон нөміріне Орал қаласының тұрғыны қоңырау шалған. Желаев аумағында демалып жүрген әйел адам 2 жасөспірімнің көмекке шақырып жатқанын көрген.
-
Түркістан облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQKZ. Түркістан облысы Келес ауданындағы Абай ауылында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – халыққа сапалы қызмет көрсету және кәсіпкерлікті дамыту.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады
-
Қазақстанда жатыр мойны обырынан жылына 600 әйел көз жұмады
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде соңғы үш жылда жатыр мойны обырының көрсеткіші 45,4% жеткен. Қазақстан бойынша 10 мың әйел есепте тұр. Жылына 1200 әйелден жатыр обыры анықталады, оның ішінде 600 әйел осы аурудан көз жұмады.
-
14 мамыр. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 14 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
Біз шетелге шикізат қана жібермеуіміз керек – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор, Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кәсіпкерлік жөніндегі комитет төрағасы Асқар Бейсенбаев еліміз шетелге шикізат емес, дайын өнімдер экспорттауы керек дейді.
-
Маңғыстау облысында 127 келі бекіре балығын сақтаған адам ұсталды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мұнайлы ауданына қарайтын елді мекен тұрғыны өз үйінде 48 дана аулауға және заңмен тыйым салынған балықты сақтағаны үшін жазаланатын болды.
-
Елордада III республикалық паралимпиялық жарыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры елордадағы М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында "Жеңістерге бірге" – "Вместе к победам" III паралимпиялық жарысын ұйымдастырды.
-
Ағылшын тілінен шығарманы шебер жазатын ақтаулық оқушы Америкаға баратын болды
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Дарынды жеткіншектің есімі - Аспарух Сұлтанмұрат. Ол химия-биология бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-ші сыныбында оқиды.
-
Түркістанда миграциялық ХҚКО жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Түркістан қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты.
-
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгереді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Атырауда маса улауға 127 млн теңге бөлінді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласында масаны улау жұмыстары басталды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 127 млн теңге қаржы бөлінген.
-
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың себебі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылдың 10 тамызда Алматы қаласының түбінде оқу-жаттығу кезінде ұшақтың апатқа ұшырауына негізгі себеп қатты желдің болуы. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты.
-
Президент: Бүкіл ел бойынша ауыл инфрақұрылымын жаңғыртатын кез келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда жасанды ұрықтандыру жасататын жұптар саны артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 25 жасқа дейінгі бала туатын жастағы қыздар арасында ерте жүктілік және аборт тақырыбы өзекті болып қалуда. Өкінішке қарай, әйелдер қауымы арасында көпшілігі абортты қажетсіз жүктіліктің алдын алудың бірден-бір тәсілі деп санайды.
-
Оразаны оңай өткізудің амалы бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Рамазан айында оразаны жаңадан ұстаған жандар үшін біраз қиындықтар болады.
-
Парижде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі» форумы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Түркі академиясы Парижде ЮНЕСКО-мен бірлесіп «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі» форумын өткізеді.
-
KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 10% өсті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың сәуірінде KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 10 767,9 млрд теңгені құрап, наурыз айымен салыстырғанда 10,4% немесе 10167,7 млрд теңгеге өсті.
-
Шетелдегі қазақтарды рухани қолдау қолға алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Нұртай Әбіқаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы этникалық қазақтарды және шетелде тұратын отандастарды мәдениет және спорт саласында қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды.
-
Қостанай облысында туберкулезбен сырқаттанатындар саны азайып келеді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың бірінші тоқсанында өңірде туберкулез дертіне шалдығу көрсеткіші 12,6% кеміп, бір кісі өлімі тіркелген.
-
Тоқаев Қызылорда облысындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Қазақстандағы Қытай банкі" еншілес банкі АҚ-тың филиалы ашылды.
-
Теңге бағамы қалыпты жағдайда болады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы өткен төрт сайлауда теңге курсы күрт төмендегені байқалмаған. Бұл туралы «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
-
Биыл елордада зейнеткерлер арасында АИТВ жұқтырған 4 жағдай тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде АИТВ вирусын жұқтырған адамның әлеуметтік портреті өзгеріп келеді. 7 жыл бұрын АИТВ жұқтырған адамның әлеуметтік портреті – еліміздің басқа аймақтарынан келген, есірткіні пайдалану тәжірибесі бар, көбінесе бас бостандығынан айыру орындарынан келген, дертті парентеральды жолмен жұқтырған, жұмыс істемейтін ер азамат болса, қазіргі уақытта бұл – 20-39 жас аралығындағы, ірі мегаполис тұрғыны (88%), жоғары, аяқталмаған жоғары немесе орта-арнайы білімі, тұрақты жұмысы және табысы бар, есірткі пайдаланбайтын, жыныстық жолмен жұқтырған азаматтар. Бұл туралы елордадағы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
-
Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында 17 мамырда Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
-
Мобильді азаматтар жүйесіне жыл басынан бері 1 млн адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн аса азаматты мобильді азаматтар базасына тіркеді. Осылайша аталмыш базаға тіркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.
-
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 8%-бен капитал қаржыландырылады
Кәсіпкер, пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%, инвестиция 10 жылға дейін, көлемі 5 млрд теңге несие алуға мүмкіндігің бар.
-
Тоқаев Қызылордадағы көпсалалы балалар ауруханасына барды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында облыстық көпбейінді балалар ауруханасының әлеуетімен танысып, дәрігерлермен кездесті.
-
Былтыр электрондық сауда нарығында 33 мың жұмыс орны құрылды – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстандағы электронды сауда-саттық көлеміне болжам жасады.
-
Мәжілісте қаржы нарығы туралы заң жобасына түзетулер таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы таныстырылды.
-
Отандық парадзюдошы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Қазақстандағы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
-
Елордада ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай акция өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 3 айлық көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ инфекциясын жұқтырған 50 жағдай тіркелсе, оның 46 Қазақстан азаматтары. Бұл туралы елордадағы ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
-
«Астана Опера» сахнасында Қажығалиев пен Шопеннің жауһар туындылары ұсынылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 мамыр күні елордалық опера театрының сахнасында Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова (фортепиано) және маэстро Анатолий Левиннің (Ресей) жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің қатысуымен симфониялық музыка концерті өтеді.
-
Елордада газ датчигінің арқасында 3 бала мен әйел газдан уланудан аман қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы дүйсенбіде өткен әкімдіктің отырысында елордалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев айтты, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Теңге бағамы нығайып келеді – Ұлттық банк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамының нығайғанын айтты.
-
Президенттікке үміткерлер арасында теледебат тікелей эфирде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткерлер арасындағы теледебат тікелей эфирде өтуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тілішілерге берген сұқбатында айтты.
-
Абаев 9 мамырдағы интернеттің бұғатталуына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 мамыр жеңіс күнінде елімізде интернеттің жылдамдығы баяулап, бірнеше әлеуметтік желі уақытша істен шыққан еді. Үкімет отырысынан кейін тілшілер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтан осыған қатысты пікірін сұрады.
-
«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады.
-
ҚР БҒМ мектеп бітіру кешін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қарағандының теміржол вокзалында жаңа терминалдың құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта жөндеуден кейін вокзалдың өткізу қабілеттілігі 2,5 есеге артады. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Талдықорғанда тұңғыш рет жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда Талдықорған қаласында Алматы облысының жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 16 тұрғын үй кешені қойылады, деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.
-
Бюджеттік бағдарламаларға бөлінген қаражат толық игерілмей отыр – Асқар Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бірқатар бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет қаражатын толығымен игермей отырғанын айтты.
-
Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды.
-
Мамин 4 айдың ішінде экономикалық көрсеткіштері жақсарған өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин еліміздің экономикасының қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
-
Алматыда “Айбын” әскери-патриоттық ойыны өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Армия орталық спорт клубында оқушылар арасында «Айбын» әскери-патриоттық ойындарының қалалық кезеңі өтіп жатыр.
-
Елімізде ЖІӨ 4 айда 4% өсті – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жалпы ішкі өнім қаңтар-сәуір айларында 4% өскен. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
-
Жамбыл облысында агроқұрылымдар ағын судан тапшылық көрмейді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы су шаруашылығы нысандарының басым бөлігі Кеңес дәуірінде салынған. Олардың ішінде көптен жөндеу көрмегендіктен, ескіріп, тозып кеткені аз емес. Басым дені қайта жаңғыртуды қажет етеді.
-
Алакөлге қатынайтын пойыздар түнгі уақытта жүре бастауы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Өскемен-Жалаңашкөл» және «Семей-Жалаңашкөл» бағытындағы теміржол қатынасы демалушыларға жайлы болу үшін түнгі мезетте қатынауы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысы барысында өңір басшысы Даниал Ахметов тапсырма берді.
-
Жамбыл облысы аумағынан 82 нысан энциклопедияға енгізіледі
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Жамбыл облысының аумағында 3 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 711-і – мемлекеттік, 25-і – республикалық, 5-еуі халықаралық болса, қалғаны алдын ала тізімге алынған.
-
Алакөл жағалауында 60 гектар аумақ құрғатылмақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы төрт жыл көлемінде Алакөл жағалауы су шаюға қарсы беріктендіріліп, 60 гектарға жуық аумақ құрғатылады. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы барысында айтылды.
-
Қытайларды ою-өрнегіміз қызықтырды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасындағы «Жүн маркеті компаниясы» қоғамдық ұйымдар бірлестігі, Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мен «Шеберлер мекені» тігін өндірісі қауымдастықтары өзара әріптестік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын болады.
Наверх