Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

14 Мамыр 2019, 14:49
2410
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Қазақстандағы Қытай банкі" еншілес банкі АҚ-тың филиалы ашылды.

"Қазақстандағы Қытай банкі" ЕБ АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі Лю Вэйдің айтуынша, аталған қаржы ұйымы елімізде бұрыннан бар.

Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

"Қазақстандағы Қытай банкі" Қазақстанда 26 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр. Біздің Ақтөбеде, Алматыда филиалдарымыз бар. Енді міне ел астанасы Нұр-Сұлтанда филиал ашып отырмыз. Себебі, соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара қарым-қатынас дами түсті. Біз үшін осы нарықта болу, экономикалық-инвестициялық жəне басқа саладағы ынтымақтастықты ынталандыру аса маңызды. Филиалдың ашылуы алда өтетін Астана Экономикалық Форумына орайластырылып отыр. Себебі, біз Қазақстан экономикасының, нарығының бір бөлшегіміз. Біздің банк жеке тұлғалармен, заңды тұлғалармен де жұмыс істейді. Біз депозит, кредит, есеп-қисап, конвертация бойынша қызмет көрсетеміз. Былайша айтқанда, жергілікті банк сияқты жұмыс істейміз. Сəйкесінше, барлық қызмет түрін көрсете аламыз", - деді Лю Вэй сұқбатында.

Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Əлихан Смайыловтың айтуынша, бүгінгі күні екі ел арасында 27 млрд доллар сомасына 55 бірлескен жоба жүзеге асуда. 

Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

"Қазақстандағы Қытай банкі" осы жобаларға белсенді атсалысып келеді. Аталған банк 1993 жылдан бері Қазақстанда қызмет етуде жəне де ол еліміздегі, Орталық Азиядағы ірі қытайлық банк саналады. Біз бұл банктің екіжақты ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегін жоғары бағалаймыз. Нұр-Сұлтанда филиалдың ашылуы біздің өзара тиімді сауда-экономикалық байланысымызға жаңа серпін беретініне сенімдімін", - деді Əлихан Смайылов салтанатты рəсімде.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоның айтуынша, бүгінгі жаңалық - екі елдің бизнес жəне банк саласының қызметкерлері үшін көптен күткен маңызды оқиға. 

Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

"Мен жаңа филиал баршамыздың сенімімізді, үмітімізді ақтайды деп ойлаймын. Банк екі ел арасындағы достығымыз, өзара түсіністігіміз бен тиімді іскерлік байланысымызды дамыту мен нығайтуға жаңа үлес қосады деген сенімдемін", - деді Чжан Сяо.

Филиалдың ашылу салатанатына Қазақстан мен Қытай тарапынан жоғары лауазымды тұлғалар, қаржыгерлер, "Астана" халықаралық қаржы орталығы, Ұлттық банк басшылары қатысты.

Қазақстан мен Қытай банк саласында əріптестікті нығайтпақ

Өзгелердің жаңалығы