Алдағы күндері елордада күн салқындайды

14 Мамыр 2019, 20:44
1713
Бөлісу:
Алдағы күндері елордада күн салқындайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең елордада жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, 15 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +10...+12°С құрайды.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша 16 мамырда жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +13...+15°С. 17 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде +1...+3°С, күндіз +19...+21°С болады», – делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы