Все новости за 4 мамыр 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістан облысында 35 мың гектарға мақта егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мамыр айынан бастап шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті. Биыл мақтааралдық шаруалар 35 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтілуде.
-
Елоданың орталық көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады.
-
Мәжілісмендер Жамбыл облысындағы гипс өндіру зауытының еңбек ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов, Қожахан Жабағиев, Бекболат Тілеухан, Серік Құсайынов, Петр Шарапаев Жамбыл облысындағы гипс және гипсокартон өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті.
-
Өскеменде «Серпін – 2050» саябағы ашылды
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. «Серпін» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанға келген студенттердің алғашқы түлектері Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ аумағында ашылған саябаққа ағаш отырғызды.
-
Тоқаев Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстармен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Атырауда арнайы қоғамдық штаб құрылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауына орай, Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы жанынан қоғамдық штаб құрылды.
-
Қазақстан хоккейден Әлем чемпионатының элиталық раундына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шайбалы хоккейден елордада өтіп жатқан 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионатында Қазақстан І орынға көтерілді.
-
Жастар жылы: Мектеп түлегін не ойландырады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп тағайындалғаны мәлім.
-
Петропавлда робототехникадан «KazRobosport – 2019» чемпионаты өтті
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда мектеп оқушылары арасында робототехникадан республикалық чемпионаттың облыстық іріктеу кезеңі өтті.
-
Тоқаев әскери қызмет саласында бірқатар ауыз-түйіс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімдерімен еліміздегі әскери қызмет саласында бірқатар басшы ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атамқұлов Түркия елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұловтың Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уяныкпен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы офтальмологиялық орталыққа барды
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда жуырда ашылған офтальмологиялық диагностикалық орталық ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын қабылдады. Қызылжар өңіріне іссапармен келген халық қалаулылары медициналық мекеме жұмысымен танысты.
-
Биыл «Аралтұз» Қытай нарығына шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өндіріс орны 23 өнім түрін шығарады. 2019 жылы «Аралтұз» өнімін Қытайға экспорттау жоспарланып отыр, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Әбдіқалықова көпбалалы аналармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша көпбалалы аналармен кездесті.
-
Арнайы қызмет өкілдері қытайтанушы Константин Сыроежкинді қамауға алды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның арнайы қызметі танымал саясаттанушы Константин Сыроежкинді ұстады, деп жазды ЦентрАзия басылымы.
-
Ұлы жеңістің құрметіне орай ардагерлер арасында жарыс өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге арналған ардагерлер арасында дойбы, шахмат, бильярдтан жарыс өткізіліп жатыр.
-
Патриоттық сайыста 30 жылдық тарихы бар ауыл клубы жеңімпаз атанды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 66 97 әскери бөлімінде өткен «Мен Жеңіс мұрагерімен» атты байқауда өңірдің әр аймағынан келген 11 команда сайысқа түсті.
-
Елордалық полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Полиция департаментінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Театр оркестрі ардагерлерге арнап ән шырқап, полиция қызметкерлері жылы лебіздерін білдірді, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
-
Елордада "Шыңғысхан" хореографиялық спектаклі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл қойылым Азиядағы тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери қолбасшысы Шыңғысханға арналады. Спектакльдің премьерасы маусым айына жоспарланып отыр.
-
Рамазан айында елордада қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас кеңсесінде қасиетті рамазан айына байланысты баспасөз мəслихаты өтті. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президенттікке үміткер Дания Еспаева ресми түрде тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық Сайлу комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына Дания Еспаеваны ресми түрде үміткер ретінде тіркеді.
-
Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-курс курсанттары кәсіби тәжірибеден сәтті өтті. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанның сауда орындары қала сыртына көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан азық-түлік және тағы басқа тауарларды саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі жазды.
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі артқан
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысына сай халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына деген сенім деңгейі айқындалды. Бұл туралы БЖЗҚ мәлімдеді.
-
Шалғай ауылдың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің барлық аймағында «Медицина жаныңда!» акциясы өткізіліп жатыр. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық дәрігерлік амбулаториясында акция ұйымдастырылды.
-
Алматыда жұмыс орнындағы денсаулық мәселесі талқыланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДСҰ жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация жүргізді.
-
Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды
Түркістан облысы, BAQ.KZ. Бүгін 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы құрылды. Облыстық қоғамдық штабты бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған Ұласбек Сәдібеков басқарады.
-
Nur Otan-ның Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Штаб жетекшісі, Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшесі Рахман Алшанов бүгінгі өткен брифингте мәлімдеп, штабтың сайлауалды жұмыстарының басталғаны жайында толық айтып берді.
-
Мамыр айынан көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерлер беріле бастады – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Енді мамыр айынан бастап көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер беріледі. 30 сәуір күні көпбалалы отбасыларға пәтер беру бойынша заң қабылданып, президенттің қол қоюына жіберілді. Бұл туралы ҚР Парламен Мәжілісі депутаты Гүлмира Исімбаева Алматыда көпбалалы аналармен кездесу кезінде айтты.
-
Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңілдікпен несиелендіру тұрғын үй алу үшін көпбалалы отбасыларға ұсынылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп жазады primeminister.kz.
-
Қазақстан футболында «Беларусь бапкерлері» трендте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Атырау» футбол командасы бас бапкерін ауыстырды. Осыған дейін қызмет атқарған ресейлік Виктор Кумыковтың орнына беларусь Олег Дулуб келді.
-
Апатты жағдайдағы жатақханалардың проблемасын биыл шешеміз – әкім
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атыраудағы апатты жағдайда тұрған жатақхана тұрғындары жаңа қонысқа көшіріледі. Қалада қазір алты және тоғыз қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.
-
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне баспана бірінші кезекте беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында елімізде көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру жұмыстары басталды. Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы primeminister.kz сайтына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтып берді.
-
Депутаттар Алматыдағы көпбалалы аналармен кездесті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Алматыда көпбалалы аналармен кездесті.
-
Қызғалдақ фестивалі: 500 домбырашы күй ойнап, 100-ден астам палуан күреседі
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Амангелді ауданында «Айналдым сенен, атамекенім» атты облыстық қызғалдақ фестивалі басталды. Іс-шара бағдарламасында қонақтар қолөнер көрмесін, ұлттық ойындар мен айтысты тамашалап, киелі орындармен танысады.
-
Бүлдіршіндерді соққыға жыққан тәрбиеші туралы жаңа деректер пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде балабақшада балаларды соққыға жыққан тәрбиеші туралы видео тарап кеткен болатын. Бұл қылмысты қалалық ПД мен Білім беру басқармасы ерекше бақылауға алды.
-
Теміржол тарихынан сыр шертетін мұражай ашылды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл теміржол бөлімшесінің тарихы «Түркісібпен» тікелей байланысты. Ал Қазақстан темір жолының 110 жылдық тарихы бар.
-
ҰҚК: Шекарада құны 26 млн теңгеге жуық тауар тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл тауарлардың тәркіленуінің басты себебі – рұқсат қағаздарының және электрондық шот-фактураларының болмауы, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
«Щучинск-Зеренді» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жол жөндеушілер көлік жолының 32,4 шақырымына жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстарын жүргізеді.
-
Тоқаевтың қоғамдық штаб құрамына кіретіндер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қоғамдық штабы өз жұмысын бастады.
-
Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді соққыға жыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде екі кішкентай бүлдіршінді ұрып жатқан тәрбиешінің видеосы көпшіліктің наразылығын туындатты. Бұл қылмысқа қатысты Алматы қаласының полицейлері түсініктеме берді. Соққыға жығылған баланың анасы өткен түні полицияға арыз жазды, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
-
Президенттікке үшінші үміткер Алматы мен Шымкенттен ғана қол жинай алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина 25 сәуірде "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінің атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Амангелді Таспиховты тіркеді.
-
Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет – Өмірзақ Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаевтың Қоғамдық штабы өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті.
-
Тоқаевтың кандидаттығын қолдайтын жастар қанаты құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті.
-
Хоккей: Қазақстан бүгін I орынға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан бүгін Беларусь құрамасымен кездеседі.
-
Отандық режиссердің фильмі Лос-Анджелесте өтетін кинофестивальде бақ сынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эль Фриман» көркем фильмі IFS (IndependentFilmmakers Showcase) Los Angeles Film Festival 2019 кинофестиваліне қатысады. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Мәжілісмендер Ақсу-Аюлы ауылындағы көпбалалы отбасыларға арналған дүкенге барып көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Майра Айсина мен Мейрам Пішембаев Қарағанды облысы сайлаушыларымен кездесуі барысында «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бақ» әлеуметтік дүкеніне барды.
-
Түркістан облысында «Аманат» азаматтық алаңы жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Аманат» азаматтық платформасы Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі Бектай Орманов сайлау науқаны бойынша мониторинг жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Назарбаев ұстанған бағыттың жалғасын табуы маңызды – Қырғызстан СІМ орынбасары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ниязалиев Нуран Садырович Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы пікірін білдірді.
-
Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «I-qazaq» тарих және мәдениет орталығының және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Ұмытылған салт-дәстүрлердің өзектілігі мен дамуы» көрмесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Бас прокуратура "Қорғас ісі" бойынша 140 млн теңгені елге қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның Федералды қылмыстық соты Қазақстанның Бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден тыс әкеткен 140 млн теңгені қайтарды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент сайлауы – 2019. Үгіт-насихат науқаны – ең маңызды кезең
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде 9 маусым күні болатын кезектен тыс Президенттік сайлаудың заңды, әрі әділетті өтуін қамтамасыз етуді тапсырған.
-
Жамбыл облысында демалыс орындары көбеюде
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы Жуалы жері – нағыз жер жәннаты, тамаша табиғаты туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық авто дәлізінің осы аудан аумағынан өтуі де бұл саланың қарқынды дамытылуына мол мүмкіндік бермек.
-
ШҚО-да пәндік олимпиада жеңімпазына ЖОО ректорының гранты берілмек
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласында Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі басталды.
-
4 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын болмауы мүмкін.
Наверх