Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады

4 Мамыр 2019, 16:36
3234
Бөлісу:
Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 3-курс курсанттары кәсіби тәжірибеден сәтті өтті. Бұл туралы аталған институттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу орны таратқан мәлімет бойынша, курсанттар үш апта бойы «Қару-жарақ және ату», «Әскери-инженерлік дайындық», «Әскери топография», «РХБ қорғаныс», «Құрлық әскерлерінің тактикасы» пәндері бойынша алған білімдерін шыңдап, жетілдіре түскен.


Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады


Сабақтың практикалық бөлімдерінде ату дайындығы, топографиялық карталарды өлшеудің негіздері, георграфиялық координаттарды анықтау, бекініс пункттеріне миналы-жарылғыш және жарылмайтын бөгеттерді қою сынды іс-қимылдар жасалған.   

«Жалпыәскери пәндер» кафедрасының бастығы полковник Қайрат Тыныштықбаевтың айтуынша, басты мақсат – курсанттардың әдістемелік және тәжірибелік деңгейлерін жетілдіру болып табылады, сондықтан мұндай оқу-жаттығулар болашақ маман иелерінің кәсіби деңгейлерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.

«Кәсіби даярлыққа қойылған басты мақсатқа жеттік, тәжірибе барысында қойылған тапсырмалар толығымен орындалды», - деп атап өтті полковник Тыныштықбаев.

Курсанттар кәсіби тәжірибелерін шыңдады

Курсантардың алған білімін шыңдау, әдістемелік шеберлігін жетілдіруде практикалық сабақтардың маңызы зор.

Өзгелердің жаңалығы