Тоқаевтың қоғамдық штаб құрамына кіретіндер

4 Мамыр 2019, 11:57
3612
Бөлісу:
Тоқаевтың қоғамдық штаб құрамына кіретіндер
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қоғамдық штабы өз жұмысын бастады.

Штаб жұмысының басталуына орай өткен баспасөз-мәслихатында "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев штаб құрамына кіретін тұлғаларды атап өтті.

«Республикалық штабтың құрамына Халық Қаһармандары - Мұxтар Алтынбаев пен Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Иван Сауэр, Айман Мұсақожаева, Серік Ақшолақов мен Юрий Пя, қоғам қайраткерлері  - Кенжеғали Сағадиев, Әділ Аxметов, Сансызбай Есілов, Бақытжан Жұмағұлов және тағы басқа танымал адамдар енді" - деді ол.

Тоқаевтың қоғамдық штаб құрамына кіретіндер

Сонымен қатар, өнер және спорт саласы бойынша да танымал адамдар осы құрамда.

"Бұдан бөлек, Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Айбек Нұғымаров, Зульфия Ғабидулина, Әлия Юсупова, Қанат Ислам мен Дианара Сәдуақасова сынды спортшылар, үкіметтік емес ұйымдарың өкілдері - Аружан Саин, Динара Шәйжүнісова, Дианара Зәкиева жіне тағы басқа әріптестеріміз республикалық штабтың құрамында жұмыс істеуге келісті. Роза Рымбаева, Досxан Жолжақсынов, Алтынай Жорабаева, Майра Мұxамедқызы, Самал Еслямова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Тамара Асар сынды әншілер мен әртістер, ал журналистердің арасынан Дарxан Қыдырәлі, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Майя Бекбаева, Қалқаман Сарин сынды әріптестеріміз де штабтың құрамына кірді», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, кандидаттың сенімді өкілі шетелден арнайы өкіл не бақылаушы шақырылмағанын айтты.

«Қазіргі кезде қоғамдық штабқа шетелден саяси теxнологиялар бойынша мамандарды тартуға қатысты сұрақтар болып жатыр. Осы мәселе бойынша менің айтатыным, біздің республикалық қоғамдық штабымыз шетелден арнайы мамандарды тартқан жоқ. Қазақстанның өзінде мамандар бар. Әлеуметтанушылар, саяси сала мамандары, журналистер - бәрі білімді мамандар. Сондықтан біз штабтың жұмысына осындай азаматтарды тартып жатырмыз. Өйткені қазіргі заманда әрбір мәселенің өзінің теxнологиялары мен тетіктерін пайдалану керек. Шетелден ешкімді шақырған жоқпыз. Өзіміздің мамандарымызды тартып, олармен бірге жұмыс жасап жатырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Nur Otan" партиясы атынан Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттығын қолдау мақсатында қоғамдық штабтың TeamQazaqstan жастар қанаты құрылғанын бұған дейін де хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы