Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда

4 Мамыр 2019, 09:45
2440
Бөлісу:
Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «I-qazaq» тарих және мәдениет орталығының және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен «Ұмытылған салт-дәстүрлердің өзектілігі мен дамуы» көрмесі өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.


Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда


«Үкіжан Ементава анасының үйреткенімен киіз басып, матадан ою-өрнек жасайды. Менің анам 90 жасқа дейін осындай өрнектер ойды. Сонда мен оған қызығушылық таныттым. Алдымен ортағасырлық қалалар, руналар, ру белгілерінен бастадым. Одан кейін тақырыптық кенептерді жасауды үйрендім. Мысалы, менің саяси қуғын-сүргінге қатысты жұмысым бар. Мен туған халқымның тарихын сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін көрсеткім келеді», - деді қолөнерші. 


Астаналық шеберлер көне қазақ қолөнерін жандандыруда


Ұлы дала әрқашан өз батырларымен танымал. Әр адам Қажымұқан Мұңайтпасовты, Балуан Шолақты біледі, олардың атын айтып жүреді. Бұл даңқты дәстүрді Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені Сергей Цырульников жалғастырды.

«Әртүрлі қалалар мен елдерде көрсетуіміз керек. Өзіміздің мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз туралы айтуымыз керек. Мен жақында Дубайда болдым, онда шейхтерге біздің халықта қандай мықты, күшті пауандар болғанын айттым. Бұл олардың қызығушылығын тудырды. Ең бастысы – біздің ұлттық брендімізді дұрыс көрсету, шетелдіктерге өз тарихымызды қызықты ұсыну, көрсету. Мысалға, мен өнер көрсеткенде қазақ музыкасын қосуды сұраймын. Бұл маған күш береді», - деді Сергей Цырульников.


Өзгелердің жаңалығы