Жамбыл облысында демалыс орындары көбеюде

4 Мамыр 2019, 08:58
8834
Бөлісу:
Жамбыл облысында демалыс орындары көбеюде
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы аумағындағы Жуалы жері – нағыз жер жәннаты, тамаша табиғаты туризмді дамытуға сұранып-ақ тұр. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық авто дәлізінің осы аудан аумағынан өтуі де бұл саланың қарқынды дамытылуына мол мүмкіндік бермек.

Осыны ұғынған отандық кәсіпкерлер табиғаттың осындағы ғажайып мүйісінде демалыс орындарын көптеп сала бастады.

Бұған дейін Билікөл ауылдық округі аумағында «Тау самалы» мен «Берікқара» демалыс-сауықтыру орындары салынып, ел игілігіне берілген.

«Бұл аймаққа инвестиция тартуға жағдай жасады. Ал Теріс су қоймасы жағалауындағы «Солнечный берег» демалыс аймағында су спортын дамыту бағытында жұмыстар жүргізілгелі отыр. Былтыр Берікқара шатқалында «Отбасылық демалыс орталығы» жобасы толықтай жүзеге асты. Ал Шақпақ ауылдық округіне қарасты «Қаралма» тау-шаңғы базасы кешені салыну үстінде», - дейді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.

Жамбыл облысында демалыс орындары көбеюде

Айта кетейік, жақында Теріс ауылының сыртындағы Жылқышы төбеден табылған көне қалашық орнында археологиялық қазба жұмыстары басталған. Тарихшылар оның «жасы» Тараз қаласымен шамалас деген болжамдар айтуда. Болашақта оның да айтулы туристік нысан ретінде ел игілігіне ұсынылатыны анық.

Өзгелердің жаңалығы