4 мамырға арналған ауа райы болжамы

4 Мамыр 2019, 08:16
1857
Бөлісу:
4 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашын болмауы мүмкін.

Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл болуы ықтимал.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысында жел шаңды дауылмен болады.

Атырау облысында түнде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін, кей жерде шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ болады, түнде жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы