Сингапурға барған шетелдіктерде вакцинация сертификаты болуы тиіс

4 Қазан 2021, 16:08
7387
Бөлісу:
Сингапурға барған шетелдіктерде вакцинация сертификаты болуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурға жұмыс визасымен келген барлық шет мемлекеттің азаматы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған препараттармен вакцинация сертификатына ие болуы керек. 

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Он Е Кун мәлімдеді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Коронавирусқа қарсы толық вакцинация туралы талап 7 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұл шарттар республикаға жұмысқа келген шетелдік студенттер мен шетелдіктердің отбасы мүшелеріне қолданылады.

Ал ел астанасының жұмыс аудандарында тұратын аргентиналықтарды COVID-19-дан тегін иммундау қытайлық Сansino препаратымен жүзеге асырылады. Biologics Inc фармацевтикалық компаниясының өнімі - бұл бір компонентті вакцина. 

Буэнос-Айрес провинциясының үкіметі табысы төмен ауданда мобильді вакцинация пунктін құрды. 

Еріктілер мен егу пунктінің қызметкерлері хабарлағандай, препарат бір мәрте салынады және сақталуы жеңіл. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Аргентина CanSino вакцинасының 600 мың дозасын алды.

Өзгелердің жаңалығы