СІМ: Былтырдан бері Мьянма мен Лаоста құлдыққа түскен 14 азаматымыз құтқарылды

23 Қаңтар 2023, 14:18
1349
Бөлісу:
СІМ: Былтырдан бері Мьянма мен Лаоста құлдыққа түскен 14 азаматымыз құтқарылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, былтырдан бері қазақстандық 14 азамат құлдықтан босатылған. 

Былтырғы маусым айынан 2023 жылғы қаңтарға дейін Тайландтағы біздің елшілік Мьянма мен Лаоста құлдықта болған 14 Қазақстан азаматын құтқарды. Қызметкерлеріміз тағы екі азаматтың осы өңірге баруының алдын алды. Олардың бірі Мьянма шекарасына жеткен кезде консулға хабарласып, Тайландтың шекарасынан өткендігін айтқан. Консул оған тез арада кері қайтуды ұсынды, - деп атап өтті Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Сонымен қатар ресми өкілдің айтуынша, әдетте осы елдерге құлдыққа қалай түсетіндерін айтты. 

Азаматтарымыз бұл жерлерге (Мьянма, Лаос – ред.) ірі инвестициялық компанияға немесе қандай да бір аты еліктіретін компанияға жоғары жалақы төленетін қызмет бары туралы хабарландыру арқылы қызығып барады. Оларға екі-үш мың доллар көлемінде жалақы береміз деп уәде етіледі. Әрине, тілді білу де міндетті. Ең қызықтысы, ол жерге шетелде білім алған, жоғары білімі бар адамдар барады, - дейді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін  Мьянмада құлдықта болған азаматтарымыз қалай құтқарылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы