СІМ басшысы Беларусь елшісін қабылдады

17 Қараша 2020, 19:19
1579
Бөлісу:
СІМ басшысы Беларусь елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Беларусьтің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі  Павел Утюпинді қабылдады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбатшысын лауазымына тағайындалуына орай құттықтай отырып, екіжақты қарым-қатынастардың арттыруына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды және саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы