Си Цзиньпин Орталық Азия президенттерін салтанатты түрде қарсы алды

18 Мамыр 2023, 18:19
845
Бөлісу:
Си Цзиньпин Орталық Азия президенттерін салтанатты түрде қарсы алды
Фото: автордан

Сиань қаласында (ҚХР) Қытай басшысы Орталық Азия елдерінің президенттерін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты қарсы алу рәсімі Сиань қаласындағы Тан әулетінің лотос саябағында өтті.

Алғашқылардың бірі болып Тан әулетінің лотос саябағына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық делегациямен бірге келді.

Одан кейін қалған төрт елдің делегациясы келді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты түрде қарсы алды.

Си Цзиньпин Орталық Азия президенттерін салтанатты түрде қарсы алды

Тан әулетінің лотос саябағы Сиань қаласының оңтүстігіндегі Жаңа Цюцзян ауданында орналасқан. Бұл Тан әулетінің ерекше бейнесін жан-жақты көрсететін алғашқы императорлық саябақ және мәдени кешен. Тан әулетінің Лотос саябағы Солтүстік Қытайдағы ең үлкен мәдени саябақ саналады.

Тан әулетінің Лотос саябағына келушілер барабаншылар шоуы, Арыстан биі, акробатикалық қойылым сияқты әртүрлі қойылымдарды тамашалады. Сондай-ақ дәстүрлі қытай операсы стилінде шағын қойылым қойылды. Бұл қойылымдардың барлығы Тан әулетінің Лотос саябағына келушілер үшін тегін.

Келушілер әйгілі мультфильм кейіпкерлері мен түрлі-түсті үлкен шамдарды тамашалады.

Си Цзиньпин Орталық Азия президенттерін салтанатты түрде қарсы алды

17 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Тоқаев пен Си келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар Мемлекет басшыларының қатысуымен екі ел 18 құжатқа қол қойды.

Бүгін Президент Қытай компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Орталық Азияның бес елі мен Қытай басшысы 18-19 мамыр күндері «Қытай-Орталық Азия» саммитіне қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы