Шындық детекторынан өтуге дайынмын – Байжанов

4 Мамыр 2024, 11:53
900
Бөлісу:
Шындық детекторынан өтуге дайынмын – Байжанов
Фото: Жоғарғы Сот

Бишімбаевтың сотында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Байжанов бәрін саналы түрде жасағанын айтқан еді.

Байжанов ресторонды жапқан, ол жердегі видеоларды өшірген жәнеде Нүкенованың телефонын алып жүрген. Онымен қоса, ол нашатырь сатып алған және таныс дәрігерге хабарласқан. Байжанов мұның бәрін біліп істеді, не істеп жатқанын жақсы түсінді, - деді прокурор.

Байжановтың сөзінше, Салтанаттың денесін жасыру ойына келмеген.

Мен оқиғаның қалай бар солай айтып бердім. Ештеңе жасырғаным жоқ. Тек шындықты айттым. Егер мүмкін болса, шындық детекторынан өтуге дайынмын. Қалғанының бәрі сіздердің қолдарыңызда, - деді Бақытжан Байжанов.

Еске салсақ, жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев сотталушы Қуандық Бимшімбаевтың психологиялық тұрғыда сау емес екенін айтқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы