Бишімбаев неге киллер жалдамады? – Адвокат жауап берді

4 Мамыр 2024, 10:55
1535
Бөлісу:
Бишімбаев неге киллер жалдамады? – Адвокат жауап берді
Фото: Видеодан кадр

Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев сотталушы Қуандық Бимшімбаевтың психологиялық тұрғыда сау емес екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл өлімге негізгі мотив - қызғаныш, патологиялық қызғаныш болды. Қызғаныш ауру түрінде және синдром "отелло" деген түсінік бар. Бұл Бишімбавтың өзінің психологы берген портреті. Ол (Бишімбаев) нарциссизм, агрессияға бейім... Бұған көзіміз жетті. Мұндай адамның санасы сау емес. Осындай бола тұра ол не үшін әйелін өлтіруге киллер жалдайды? Ол мұны басқалардың емес, өзі істегенін қалады. Ол оны мойындатуға мәжбүрлеп, басқаның емес, өзінің өлтіргенін қалады. 28 түсірілген видеофайлдар арасында белгілі бір интервал бар, - деді Игорь Вранчев Астанада өткен сот процесінде.

Бұған дейін прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаев әйелін не үшін өлтіргеніне айғақ келтірген болатын.

Сондай-ақ Байжановтың әйелі Нүкеновалардың жақындарынан кешірім сұраған еді. 

Өзгелердің жаңалығы