Шымкентте "Желбіре, менің жалауым!" атты акция өтті

4 Маусым 2020, 14:17
1716
Бөлісу:
Шымкентте "Желбіре, менің жалауым!" атты акция өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Желбіре, менің жалауым!" атты патриоттық акция өтті. Тәуелсіздік саябағындағы "Мемлекеттік рәміздер" алаңынан бастау алған акцияны Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының "Рухани жаңғыру" бөлімі ұйымдастырды.


Акцияға қатысушылар көк байрағымызды көкке желбіретіп, ҚР Мемлекеттік әнұранын шырқады. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ту, елтаңба, әнұран жайында сауалнамалар жүргізіп, жалаушалар таратты.
Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үндеп, өскелең ұрпаққа толымды мәлімет беру арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық нышандарға құрметпен қарауға  дағдыландыруды мақсат еткен акция қаламыздың ерікті жастарының қатысуымен ұйымдастырылды, - делінген ақпаратта.

ЖАЛАУ1.jpeg

Акция Шымкенттің Абай ауданындағы "Абай" саябағы, әл-Фараби ауданындағы "Арбат" демалыс аймағы, "Дендросаябақ", Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабы, Еңбекші ауданындағы "Север" сауда орталығында жалғасты. 

Айта кетейік, "Рухани Жаңғыру" бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі мен Мемлекеттік рәміздер күніне орай, әлеуметтік желілерде "Желбіре, көк байрақ!", "Әнұраным-айбыным!" челленджін өткізуде.

ЖАЛАУ2.jpeg

Әр қатысушы көк тудың суретін салып, әнұранды орындап, эстафетаны #kokbairaq хештегімен ары қарай жолдап, жалғастыруы тиіс. Жыл соңында челлендж, эстафета қорытындыланады.



Өзгелердің жаңалығы