Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 2 адамды құтқарды

9 Желтоқсан 2024, 04:42
318
Бөлісу:
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 2 адамды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 2 адамды құтқарды және 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбекші ауданы Әлімбетов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтерде өрт орын алды.

ТЖМ күштері жанып жатқан пәтерден 2 адамды құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сондай-ақ баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

Өрт 12 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы