Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

17 Ақпан 2023, 15:26
2006
Бөлісу:
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін Шымкентте садақ атудан ересектер мен жастар арасында ҚР чемпионаты басталды. Чемпионатқа еліміздің 10 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларынан келген спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкенттегі Жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатқан чемпионатқа бас-аяғы 271 спортшы келіпті. Өйткені, бұл чемпионаттың маңызы жоғары. Спортшылар осындай жарыстарға қатысып, ұпай жинайды. Ұлттық құрамаға спортшыларды сол рейтингіне қарап алады. 

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Нәтижесінде жеңімпаздарды марапаттап, Садақ ату спортынан ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіледі. 2024 жылғы Париж олимпиадасына садақ атудан іріктеу, лицензициялау басталады. Міне, сол лицензия алуға іріктейміз. Чемпионаттар, спартакиалар өтеді. Лицензия алатын жарыстарға іріктеу болады. Ұлттық құрама ересектер, жастар, жасөспірімдер және юниорлар боп бөлінеді. Садақтың классикалық және блок деген екі түрі болады. Біріншісі олимпиадалық түрге жатса, екіншісі жатпайды. Десе де екі садақ түрінен де әлем чемпионаты, Азия ойындары, біріншіліктері өтеді. Екі садақтың түрінен де ұлттық құрамаға жас шамасына қарай төрт санат бойынша 12-12 адамнан кіреді. Біз осындай чемпионаттар арқылы спортшылар рейтингін жасаймыз. Жылына 9 жарыс өтеді. Соған анализ жасап, рейтингіне қарап, рейтингте алда тұрған 12 адам ұлттық құрамаға кіреді, – дейді Спортты дамыту дирекциясы, Садақ ату спортының команда басшысы, жарыстың бас хатшысы Еділ Құнанбайұлы Темірбеков. 

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Еліміздің 11 өңірінде садақ ату спорты дамыған екен. Бүгінгі чемпионатқа 

Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Жетісу, Ақмола, Алматы, Қарағанды, БҚО, Павлодар мен Түркістан облыстарынан мергендер келіпті. Қазір садақ ату спортында жүрген қыз-жігіттердің 25-30%-ы Шымкенттен шыққан. 

Жаттықтырушылар чемпионатты Шымкентте өткізуді ұсынды. Өйткені ауа райы жылы, Шымкентте садақ ату спортына қызығушылық жоғары. Сондықтан да ұсынысты қолдап, Шымкентте өткізіп жатырмыз. Бүгінгі жарыс жабық ғимаратта өтіп жатыр. Бұл ересектер мен жастар арасындағы чемпионат. Алда жасөспірімдер мен юниорлар арасында өтеді. Сосын Қазақстан Республикасы Кубогінің бірінші кезеңі басталып, екінші, үшінші, төртінші кезеңі өтеді. Жазда ашық алаңда ересектер мен жастар арасында, жасөспірімдер мен юниорлар арасында ҚР чемпионаты өтеді. Содан кейін мықтылар арасында республикалық турнир болады, – дейді Еділ Темірбеков. 

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Ол садақ ату спортына қызығушылық білдіріп жатқан спортшылар өте көп екенін айтты. – Олимпиадалық спорт түрі болған соң халық танып, қыз-жігіттердің келуі көбейіп жатыр. Өткен жылы 200-ге жуық спортшы келсе, биыл 270-тен асты. Әрі садақ ату біздің ұлттық болмысымызға да жақын. Қазір өңір-өңірде садақ ату спортына арналған спорт орындары, спорт орталықтары ашылып жатыр. Биыл ересектер мен жастар арасында садақ атудан болатын әлем чемпионатына дайындық жүріп жатыр, – деді ұйымдастырушы. 

Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Шымкент қаласы  спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен  “ҚР садақ ату, арбалет және дартс федерациясы” ұйымдастырып отыр. Жарыс 22 ақпанға дейін жалғасып, командалық және жекелей сын бойынша өтеді.

18-19 ақпан – квалификация

20 ақпан –  командалық біріншілік. 

21 ақпан – жекелей сын. 

21 ақпан – Жекелей біріншіліктің финалы және жеңімпаздарды марапаттау. 

Өзгелердің жаңалығы