Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 Мамыр көшесінде орын алған өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Еске салсақ, бұған дейін екі қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан 19 пәтердің 11-і толықтай жарамсыз болып, бірнеше отбасы уақытша баспанасыз қалған еді.
Оқиғадан кейін қала әкімдігі шұғыл шешім қабылдап, зардап шеккен тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан тең құнды жаңа пәтерлер бөлді. Бұл мәселе әкімнің тұрғындармен кездесуі барысында жедел түрде қаралып, оң шешімін тапқан болатын.
Қоныс тойын тойлаған тұрғындар жергілікті билікке алғыстарын білдіріп, жаңа бастамаларға сәттілік тіледі.
Оқи отырыңыз: