Шымкентте полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала аумағын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол үстіндегі көпірден секіруге оқталған қызды байқап қалған. Полицейлер уақыт жоғалтпай, оған дереу көмекке келіп, сабырға шақырды. Жедел әрекет етіп, қызды аман алып қалды.
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, азаматша медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Біз үшін азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында. Қандай жағдай болмасын көмекке келу – біздің борышымыз, – деп атап өтті Шымкент қаласының ПД офицерлері.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қауіпті ойын: Балқашта екі оқушы 4-қабаттағы балконға терезе арқылы өтті
Астанада 12-қабаттан секіргелі тұрған бойжеткен құтқарылды
Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды