Шымкентте 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалды

6 Мамыр 2023, 07:46
827
Бөлісу:
Шымкентте 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалды
Фото: gov.kz

Шымкенттің №1 қалалық клиникалық ауруханасының базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

200-ші бүйрек трансплантациясы жасалған рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады.

Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы